Кино актеры Шакенти (Шәріп Серік) жүріп жүрген қызы Әлия Ботееваға зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Бұл туралы Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі Әлия Ботеева Instagram парақшасында жазды. Сонымен қатар, болған оқиғадан видео жүктеп, соққы тиген жүзін көрсетті. Ол мұндай сұмдық жағдайды ешқашан күтпегенін айтты.
Видеодан актердің жүгіріп шығап қызды жұлқылап, лифтіден шығарып жатқанын көруге болады.
«Мен физикалық жағынан әлсіз болсам да, мораль тұрғысынан қабылдауға болмайтын нәрсені айтпай, үндемей қоя салатындай әлсіз адам емеспін. Мен өзімді және өз абыройымды қорғауға мәжбүрмін», — деп жазды Әлия.