Фото: altzapovednik.ru
Алакөл қорығының инспекторлары сібір елігін құтқарды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Рейдтік бақылау барысында инспекторлар мұз үстінде жатып қалған, орнынан тұра алмаған сібір елігін анықтады. Оперативті әрекеттердің арқасында жабайы жануар құтқарылып, қауіпсіз жерге жіберілді», — делінген хабарламада.