Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • 16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Alatau Aqparat» медиахолдингінде заманауи подкаст студиясы ашылды

«Alatau Aqparat» медиахолдингінде заманауи подкаст студиясы ашылды

21 апреля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Alatau Aqparat» медиахолдингінде заманауи подкаст студиясының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға белгілі медиаменеджерлер, телеарналар мен БАҚ басшылары, блогерлер, ютюберлер мен кәсіпкерлер, серіктес ұжым өкілдері қатысты.

Жобаның басты мақсаты – дәстүрлі және жаңа медианы ұштастыра отырып, кең аудиторияға әртүрлі форматта сапалы контент ұсынып, отандық медиа саланы дамытуға үлес қосу. Заманауи техникалармен жабдықталған бұл алаң – шығармашылық жобаларға серпін беріп, жас мамандарды даярлауға, ақпарат кеңістігінде жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатында «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы «Студияны қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, сараптамалық пікірлер мен эксклюзивті сұхбаттар ұсынатын мазмұнды алаңға айналдыруды мақсат етіп отырмыз. Подкасттар аудиторияның ақпарат тұтыну дағдысына сай әзірленіп, ашық, еркін әрі тартымды форматта ұсынылады. Басты мақсат – ақпаратты сапалы, сенімді, нақты әрі қызықты ету», – деді.

Оның сөзінше, аталған студияны «Адырна» ақпараттық агенттігі бастаған бірінеше серіктестермен бірлесе жасақтаған.

Өз кезігінде белгілі медиа-менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы елдегі медиахолдингтер арасында алғашқылардың бірі болып подкаст-студия ашып жатқан әріптестеріне сәттілік тіледі.

«Елді елең еткізер, көптің көңілінен шығатын, тұшымды ойлар айтатын, көрермені көп, таралымы кең жоба болсын», – деді ол.

«Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры Серік Әбікенұлы баспасөздің тағдыры күрделілеу болып тұрған осынау шақта подкаст-студия ашу – өте қолдайтын дүние екендігін тілге тиек етті.

«Бұқаралық ақпарат құралы заманның үрдісінен қалмауы керек. Сол заманмен бірге қатар қадам басамыз деп тәуекел етіп бір іс бастаған екенсіздер, сәттілік тілейміз. Осы шағын студияда ұлттың сөзін айтатын, мемлекеттің жоғын жоқтайтын үлкен ойлар айтылсын», – деді.

Танымал журналист-педагог, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай: «Қазір елімізде осы медиахолдингтер институты қарқынды дамып келеді. Сол көштің алдыңғы қатарында жүрген «Alatau Aqparat»-ты кейінгі бір-екі жылдың көлемінде жақсы жағынан естіп, көріп жүрміз. Газет енді тек оқытып қана қоймай, осы подкаст-студия арқылы көрсетеді, әрі тыңдатады. Яғни бүгінде көп айтылып жүрген кросс-медиаға «Alatau Aqparat» та ілесті. Демек, тыңдай алмайтындар оқиды, оқи алмайтындар көреді. Озық та заманауи трендтердің бәрін осы медиа-студиядан көрейік!», – деді.

Сонымен қатар, Арман Әубәкір, Айдос Жұқанұлы, Бауыржан Кәріпов, Ербол Азанбек, Ербол Сейілхан, Мейіржан Әуелханұлы, Айбар Олжаев пен Нұрлан Жұмахан сынды БАҚ саласының майталмандары өз ойларын ортаға салды.

Студияның ашылу рәсімінен кейін қонақтар медиахолдинг музейін аралап, Қазақстан журналистикасы тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

Подкаст студияда түсірілетін сараптамалық пікірлер мен эксклюзивті сұхбаттар медиахолдинг құрамына кіретін aqshamnews.kz, vecher.kz және alnews.kz ақпаратық ресурстарында, сонымен қатар, әлеуметтік желілерінде де жарияланып отырады.

Оқылып жатыр

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

Онлайн супермаркет арқылы 800 мың қазақстандық азық-түлік пен тауар сатып алды

Инвестиция 13 млрд теңге: Михаил Ломтадзе Премьер-министрге цифрлық сауданың жаңа белгісін таныстырды

«Ләззатқа әлі де ғашықсыз, ұрпақ өрбітуді ойламайсыз ба»: Мұхамеджан Тазабекке ұятсыз сұрақ қойған журналисті Ахатова сотқа бермек

Жаңаөзенде түлектер мінген Lexus көлігі жол апатына ұшырады – зардап шеккендер жоқ

Соңғы жазбалар

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматыда жан басына шаққандағы ЖӨӨ 56,6%-ға өсті

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.