Президент Жарлығымен биыл құрылған Алатау қаласының Бас жоспары бекітіліп, оның аясында ауқымды даму шаралары қолға алынуда.
Бұл туралы облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімдегенін Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалада көлемі 96 мың гектар болатын «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылып, бұл көрсеткішпен Орталық Азиядағы ең ірі үш аймақтың қатарына енді.
Алатауды заманауи қалаға айналдыру мақсатында Сингапур мен Қытайдың қала құрылысы, инфрақұрылым және «ақылды» технологиялар саласындағы тәжірибесі пайдаланылуда. Үкімет жанынан жобалық кеңсе құрылып, қаланың дамуына тұрақты мониторинг жүргізілмек.