Вьетнамда Нұрлан Қоянбаевтан аумайтын адам автобус жүргізушісі болып жүр, деп Todayinfo ақпарат агенттігі.
Вьетнамға демалуға барған қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаевқа ұқсайтын адамды видеоға түсіріп алған.
«Вьетнамға келсек, Нұрлан Қоянбаев жүр екен. Автобус жүргізеді екен. Аумайды екен»,- деп жазды автор.
Көпшілік видеоның астына ер адам әзілкешке шынымен ұқсайтынын жазған.
«Алдында Таиландта Дариға Бадықова, Вьетнамда Қоянбаев жүр. 2025 жылы киноны Вьетнамда түсіретін шығар»,- деп жазды олар.