Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • «Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 19 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Алланың қалауы»: дінтанушылар қателік пен кемшілікті құдайға арту жауапкершіліктен жалтару деп санайды

«Алланың қалауы»: дінтанушылар қателік пен кемшілікті құдайға арту жауапкершіліктен жалтару деп санайды

28 Тамыз, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жуырда Париж Олимпиадасынан атлеттер оралды. Жүлдесіз қалған спортышлар ел намысы сынға түскен сәтте, жеңілу себептеріне қатысты пікір білдірді. Атлеттер жеңілістің себептерін «Алланың қалауы» деп түсіндіргендері сол еді, сынның астында қалды. Жалпы, көбінесе сәтсізідк пен болмай қалған істі «құдайдың қалауы» деу қазақ қоғамында белең алған.  Todayinfo агенттігінің тілшісі осы сөзге қатысты ғалымдар мен дінтанушылардың пікірлерін білуге тырысты. 

Дін, түркі әлемі тақырыбында ұзақ жылдан бері зерттеу жүргізіп, аудармамен айналысып келе жатқан Жандос Қиянбековтың пікірінше, спортшылар өздерінің жеңілістерін, жауапкершіліктерін  құдайға аудара салулары әділетсіз. Керісінше, дайындығы нашар, қарсыласына есе жіберген спортшылардың жеңілуі – құдайдың әділетті екендігін білдіреді.

«Сол жеңіліс тапқан спортшыларымыз да бапкерлер тобы да «Алланың қалауы осылай болды», — деген сөзді жалау етуді әдетке айналдырып бара жатқан сияқты. Бұл сөз жанкүйерлердің де қытығына тиюде. Әрине, бір мұсылманның тағдырға мойынсұнуы, иманының көрінісі. Оған дау жоқ. Қайта, құптарлық мәселе. Алайда, осындай сөздердің артында жауапкершіліктен қашу, өз кемшілігін Алланың қалауына арта салу әдісі жатқан жоқ па? Сөзім спортшыларға арналып отырған жоқ. Оларды басқарып отырған құзырлы мекемелер бар. Ендігі жауапкершілік солардың мойынында. Менің айтпағым жалпы халық арасында тағдырға мойынсұнған болып жауапкершіліктен қашу мәселесі», — деді ғалым.

Оның сөзінше, жаратушы адамға мүмкіндік берген. Бірақ оны қалай падалану адамның өз таңдауында. Егер әрбір істі Жаратушының қалауына жаба берсек, онда қылмыскерлер, жемқорлар мен теріс ағым жолына түсіп, елді бүлдірген деструктивті ағым өкілдерін де ақтап алуға тура келеді. Яғни, бұлайша әрбір қателікті «Алланың қалауы» деу мүлдем орынсыз.

«Сонда деймін-ау, бір нәрсені бүлдіріп алған, тіпті қылмыс жасаған адам, «Алланың қалауы осылай екен. Менің не күнәм бар» — деп отыра бере ме? Жоқ ,олай болмайды! Бұл жауапкершіліктен қашудың сылтауы ғана. Жеткіліксіз әрекетіңнің нәтижесі де кемшін болуы, қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтерту де, әделеттің талабы», — деп түсіндірді Қиянбеков.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы да бұл сұраққа жауап беріп, мағынасын түсіндірді.

«Спортшы дайындығын дұрыс жасаған жоқ. Жеңіліп қалды да, сылтауратып, «Алланың қалауы» дей салды. Бұл – теріс ұғым. Егер сылтау айту мақсатында болса, өзінен жауапкершілікті ысырып тастау мақсатында айтса, онда бұл дұрыс емес деп есептелінеді. Сондықтан Абай атамыз айтады: «Кедейлікті жаратқан Алла, бірақ кедей қылған Алла емес». Пайғамбарымыз «Түйеңді байла да, сосын тәуекел ет» дейді. Демек, сылтау мағынасында болса, бұл – дұрыс емес. Адам өз жауапкершілігін өзі көтеруі керек. Спортшы жаттығуын, дайындығын, бәрін жасады. Толық дайын екенін, жауапкершілікті сезініп жарысқа барды, бірақ бағы шаппай, жеңіліп қалды. Сол кезде оның «Аллаға шүкір», «Алланың қалауы» деуі – бұл дініміз қызықтырған сөз. Дегенмен, «Алланың қалауы» деген спортшыны бірден айыптау дұрыс емес. Оның дайындығы қалай болды? Жауапкершілікті сезіне алды ма? Соған байланысты», — деді маман.

Түркітанушы ғалымның сөзінше, кез келген істі жөнді-жөнсіз Жаратушыға жаба беру жауапсыздық. Егер  «Алланың қалауы» дей берсек онда ешкім кінәлі де, айыпты болмайды. Ондай жағдайда жауапкершілікті әрбір орын алған іс бойынша нақты мамандардан сұрау орынсыз болар еді.

«Адамға аз ғана қалау-ерік берілген. Яғни, таңдау жасау еркі бар. Алайда, қай нәрсені таңдаса да сол нәрсе жол ашқан нәтижелердің де жауапкершілігі сол адамның мойнында. Біреуді біреу атып тастаса, мылтық атқан адамның не күнәсі бар? «Ол атса да атпаса да бәрібір өлер еді ғой», деген ой тууы мүмкін. Ия, сүнниттік бағыттан шығып кеткен кейбір топтардың ішінде – «Атса да атпаса да өлер еді», дейтіндер де, «Атпаса өлмейтін еді», дейтіндер де бар. Сүнниттік бағыттағы, хақ жолдағылар «Мылтық атылмаған жағдай да әлгі адамның өліп, өлмеуі бізге беймәлім» дейді. Мылтық атушы адамды жауапкершілікке тартады. Теріс ағым жолына түсіп адасқан, деструктивті жолда жүріп қателік жасаушылар бұл сөздерді жиі қолданады. Оларға әу баста солай теріс үйретіп тастаған. Тағдыр мен ерік-қалауы жайлы сөз қозғаушы адамның иманы әлсіз болса, ондай адамның мұндай тақырып жайлы әңгіме айтуға құқы жоқ. Ондай адамдар әлемдегі құбылыстарды Алла жаратты демейді. Себептерге еншілеп береді. Жақсылықтарды не өзім жасадым дейді, не себептерге бөліп береді. Ал, жауапкершіліктер мен кемшіліктерді тағдырға арта салады. Бұл оның жауапкершілікті мойнына алмау үшін жасайтын айла — әрекеті ғана», — деді исламтанушы Жандос Қиянбеков.

Алланың қалауы Елбек Тасболатұлы Жандос Қиянбеков

Оқылып жатыр

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, ол — Ислам»: Астанадағы әлемдік діндер көшбасшыларының сьезінде Жаңбыршин араздық тудыратын пікір білдірді

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

Соңғы жазбалар

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025

«Еш ұялмастан келіп бүлдірді»: Амантай қажының басы тағы дауға ілікті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.