Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласында Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында абаттандыру мен тазалық жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінд Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин осы жұмыстардың нәтижесі мен ауқымы туралы баяндады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің айтуынша, аулаларды, көшелерді, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді тазалау – жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі.
«Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Біздің мақсатымыз – әр тұрғын үшін таза, жайлы аудан қалыптастыру», — деді Арман Шамшин.
Ауданның көше-жол желісін санитарлық тазалаумен үш мердігер ұйым айналысады. Қызмет көрсету аумағына жалпы ұзындығы 186,6 шақырымды және 3,6 млн шаршы метрді қамтитын 110 көше кіреді. Тазалық жұмысына 340 жұмысшы мен 162 арнаулы техника тартылған. Тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге жедел әрекет ету үшін тәулік бойы кезекшілік атқаратын үш жедел топ жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, ауданда 861 аула аумағы бар (олар 3,0 млн м² аумақты қамтитын 425 бөлімшеге біріктірілген). Мұнда бес мердігер ұйымның 345 жұмысшысы мен 45 арнайы техникасы еңбек етіп жатыр.
Ауданның қарамағында 22 алаңқай, 1 парк, 5 бульвар мен 20 жасыл аймақ бар. Бұларда күн сайын 113 жұмысшы мен 25 техника қызмет көрсетеді.
Мердігер ұйымдар:
• «Get Target» ЖШС (Назарбаев – Абай – Байзақов – Райымбек көшелерінің аумағы): 16 алаңқай, 4 бульвар, 13 жасыл аймақ, 63 жұмысшы және 15 техника.
• «Самғау Групп» ЖШС (Байзақов – Абай – Сайран – Райымбек аумағы): 1 парк, 6 сквер, 1 бульвар, 7 жасыл аймақ, 50 жұмысшы және 10 техника.
Жыл басынан бері ауданда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 62 экологиялық акция өтіп, 5 350 текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Акцияларға аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары, шағын және орта бизнес өкілдері, еріктілер, жастар ұйымдары, коммуналдық қызметтер, сондай-ақ мектептер мен емханалар ұжымдары қатысты.
«Апта сайын сенбілік өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алмалы тұрғындары экологиялық акцияларға белсенді қатысып, қаланың тазалығына бәрі жауапты екенін көрсетіп келеді», — деп атап өтті аудан әкімі.
Алмалы ауданындағы санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп, жыл бойы жалғасады.

