Алматы қаласының әкімдігі ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш орнату туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.
Қаланың Мәдениет басқармасы Жириновскийге ескерткіш орнату жөнінде ешқандай өтініш түспегенін және Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияда бұл мәселе қаралмағанын мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме ТАСС агенттігінің Алматыда Владимир Жириновскийдің 80 жылдығына орай іс-шара өткізіліп, оған ескерткіш қойылатыны туралы ақпаратына жауап ретінде жасалды.