Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы әкімі Ерболат Досаев 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ҰОС ардагерлерінің аллеясын ашты

Алматы әкімі Ерболат Досаев 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ҰОС ардагерлерінің аллеясын ашты

8 Мамыр, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция аясында барлық сегіз ауданда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды. Бұл экоакция «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқан аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өткен ҰОС ардагерлерінің Аллеясының салтанатты ашылуына шаһар басшысы Ерболат Досаев, соғыс ардагерлері, олардың отбасы мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері және қоғам өкілдері қатысты.

«Мемлекет басшысы әскери шерудегі сөзінде: «Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз керек», – деп атап өтті. Біз бейбіт өмір сыйлаған жандарды ешқашан ұмытпауымыз қажет. Жеңістің 80 жылдығына орай Алматыда бұл мерейтой ерекше форматта атап өтілуде: қаланың барлық ауданында бір мезетте ардагерлер аллеясы ашылды. Бұл жерлерді әр аудан тұрғыны біліп, барып, батырларымыздың рухына тағзым еткенін қалаймын. Алматыда бүгінде 21 соғыс ардагері тұрады – бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Біз соңғы екі жылда өмірден озған ардагерлерді де құрметпен еске аламыз. Барлығы 29 ағаш егілді. Бұл аллеялар болашақ ұрпақ – балалар, немере-шөберелер үшін батырлықты еске салып тұратын тірі ескерткішке айналады», – деді Ерболат Досаев.

Ардагерлердің туыстарымен бірге Алматы әкімі биіктігі 6 метр болатын жөке ағашы егілді. Әр ағаштың жанына ардагердің аты жазылған арнайы тақтайша орнатылды. Жөке –өміршеңдіктің, жад пен рухтың белгісі. Сол себепті оны соғыс ардагерлерінің құрметіне жиі отырғызады. Бұл келешекке бейбіт өмір сыйлаған жандардың құрметіне қойылған тірі ескерткіш. Ағаш отырғызу кезінде заманауи әдістер мен технологиялар қолданылды: ағашты тік ұстауға арналған қайың тіректер, сондай-ақ, тамыр арқылы суару жүйесі орнатылды.

Ардагерлердің ұрпақтары аллея ашып, Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің есімін есте сақтауға жағдай жасағаны үшін қала басшысына алғыс білдірді.

«Соғыс ардагерлерінің барлық ұрпағы атынан аталарымыздың, әкелеріміздің, аналарымыз бен әжелеріміздің жарқын бейнесін еске алып, құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Жөке – ерекше ағаш. Ол рухтың мықтылығын, төзімділік пен адалдықты білдіреді. Бұл көне әрі асыл символ бізге болашақ ұрпақ үшін өмірін сарп еткен жандарды әрдайым еске салып тұрады. Хош иісті гүлі мен ұзақ жасайтын қасиеті бар жөке – батырларымыздың жүректе сақталатын ерлігі секілді, мәңгілік тірі естелікке айналады», – деді ҰОС ардагері Ольга Савенконың немересі Юлия Завадская.

Әрбір майдангердің отбасы ағаш егуге жан-тәнімен беріле кірісті.

«Осындай ауқымды іс-шараға қатысып отырғанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Бүгін күн керемет, көңіл-күйіміз де сондай жақсы. Мұндай маңызды оқиғаны ұйымдастырғандарыңыз үшін барлық ардагердің отбасылары атынан алғыс айтқымыз келеді. Бұл ағаштар халқымыздың батырларын ұмытпауға мүмкіндік береді. Біз бұл жерге балаларымызды ертіп келіп, отырғызылған ағаштармен таныстырып, аталарының ерлігі туралы айтып отырамыз», – деді соғыс ардагері Василий Зинченконың қызы Людмила Зинченко.

«Бүгін күннің шуағы мен жылуы ерекше. Бұл тек біз үшін емес, барлық ардагердің отбасысы үшін маңызды сәт екенін сезіндік. Отырғызылған ағаштар бізге бейбітшілік сыйлаған батырларымыздың тірі ескерткішіне айналады. Міндетті түрде бұл жерге бала-шағамызбен келіп, олар да бұл ағаштды көріп, бабалары мен әжелерінің ерлігін ешқашан ұмытпайды», – деді соғыс ардагері Дарбала Жабатаеваның қызы Сәуле Қолымбаева.

«Биыл біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Осындай аллеяны қолға алып, жүзеге асырғаны үшін алғысымыз шексіз. Бұл жерге біздің ұрпағымыз келіп, бұл ағаштарды аталары отырғызғанын еске алады», – деді былтыр қазанда 100 жасқа толған ҰОС ардагері Қамбар Әмірұлы Сәрсенов.

Осы күні 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында биіктігі 6 метрлік 29 атаулы жөке ағашы отырғызылды. Жалпы, ҰОС ардагерлерге арналған ашық аллеяларда 200 жөке егілді.

Оқылып жатыр

«Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін шетелге паш ететін алаң»: Аида Балаева Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейімен танысты

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.