Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматы әкімі Тоқаевтың атынан өнер және еңбек қайраткерлерін марапаттады

Алматы әкімі Тоқаевтың атынан өнер және еңбек қайраткерлерін марапаттады

12 Шілде, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің мәдениет және еңбек ұжымдарының көрнекті өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Отан» орденімен отандық әдебиетті дамытуға, рухани құндылықтарды сақтауға және қазақ мәдениетін ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін белгілі қазақстандық жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов марапатталды. Салтанатты рәсім 2025 жылы елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

Тынымбай Нұрмағанбетовті құттықтай отырып, Алматы әкімі жазушыға көп жылғы әдеби қызметі, ұлттық идеяға адалдығы және Қазақстанның рухани мұрасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Тынымбай Нұрмағанбетұлы Нұрмағанбетов — қазіргі қазақ прозасының жарқын өкілдерінің бірі, еңбек ардагері. 1945 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, сондай-ақ, Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы Жоғары әдеби курстарды бітірген.

Жарты ғасырдан астам шығармашылық қызмет барысында жазушы оннан астам жинақ шығарды, оның ішінде «Қауын иісі», «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы», «Тұнық су», «Айқай» және басқалары бар. Жазушы шығармалары ірі одақтас баспаларда жарық көрді, орыс және басқа да бірқатар тілге аударылды. Ал оның пьесалары желісімен қойылымдар қазақ театрларының сахналарында қойылып келеді.

М. Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығының және  Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Тынымбай Нұрмағанбетов қазақ мәдениетін байытуға және қоғамның рухани дамуына баға жетпес үлес қосты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Аханаев Дөнесбай Өтепбайұлы марапатталды. Ол — «Алматы Су» МКК Түрксіб аудандық пайдалану учаскесінің слесарі.

Кәсіпорында жұмыс істеген кезден бері Дөнесбай Өтепбайұлы өзін кәсіби білікті, еңбекқор, жауапты және іскер қызметкер ретінде көрсетті. Апатты учаскелерге жедел барып, шұғыл және ұтымды шешімдерді дереу қабылдау қабілетімен ерекшеленеді.

«Алматы Су» МКК Жетісу аудандық пайдалану учаскесінің слесарі Литвинов Дмитрий Александрович те «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Дмитрий Александрович өзінің күнделікті қажырлы еңбегі арқылы Алматы қаласының су құбыры желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Соның арқасында шаһардың он мыңнан асатын тұрғыны сапалы және тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Мемлекеттік марапаттар көп жылғы адал еңбек, жоғары кәсібилік, қала шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлес үшін табысталды.

Оқылып жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Соңғы жазбалар

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

В Пекине откроется ресторан-музей казахской кухни Sandyq

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Қапыда кеткен қайран ер: Ержан Бабақұмаровты жетісулықтар жер қойнына тапсырды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.