Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады
  • Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады
  • Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
  • Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?
  • 2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды
  • Тоқаев Зеленскиймен кездесті
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы әкімі сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеуден өткен №138 мектепке келді

24 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда Республика күніне орай №138 мектептің күрделі жөндеуі аяқталды, бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданы Көктем-1 шағын ауданындағы жөндеуден өткен №138 мектепті көріп шықты.

1989 жылы салынған ғимараттың конструкциясының сенімділігін техникалық тексеру нәтижесінде қала әкімі мектепті сейсмикалық нығайту мен күрделі жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма берді.

Мердігерлік ұйымның жұмысы 2023 жылдың желтоқсанында басталып, биыл қазан айының соңында аяқталды. Реконструкция жобасында ғимараттың жүктемені көтеруші құрылымын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Жобада қасбет пен шатырды жөндеу, инженерлік жүйелерді ауыстыру және ғимараттың ішкі әрлеуі қарастырылған.

Бұл туралы пікірін білдірген мектеп директоры Медет Иманбекұлы: «Бүгін Алматы қаласы әкімі Ерболат Асқарбаекұлы келіп мектебіміздің күрделі жөндеуден кейінгі жағдайын көріп аралап шықты. Мектептің 35 жылдық тарихы бар. Мектеп көнерген болатын. Осы көне мектепті сейсмокүшейтілген, балаларға ыңғайлы етіп қайта жөндеп шықтық. Оқу орнына толықтай дизайн жасалды. Бастауыш оқушыларына кіші спорт зал, пәндік кабинеттер жасақталды, қыздар-ұлдарға арнайы бөлмелер жасалды. Екінші тоқсанда бәріміз жаңа ғимаратқа оқуға ораламыз. Жаңа парталар, жаңа интерактивті тақталар, моноблоктар қойылды. Коверкинг кітапхана жаңарып балаларға барынша жағдай жасауға тырыстық» дейді.

Оқу орны биология, робототехника, информатика, химия пәндеріне арналған интерактивті тақталар мен планшеттермен жабдықталған кабинеттермен қамтылған. Сонымен қатар, заманауи стандарттарға сәйкес екі спорт және акт залы жабдықталған. Футбол алаңы мен спорт алаңы жаңартылды. Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен бет-әлпетті тану мүмкіндігі бар турникеттер орнатылған. Мектепте 797 бала мемлекеттік тілде оқитын болады.

Ерболат Досаев білім басқармасының басшысы мен мектеп әкімшілігіне мектепті II тоқсанның басына дейін Kitap.kz цифрлық кітапханасына қосу жөнінде тапсырма берді. Бұл кітапхана оқушыларға электронды және аудио форматтағы 6000-нан астам көркем әдебиет шығармасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аудан әкімдігіне мектепке жақын аумақтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету жүктелді.

Айта кету керек, оқушылардың орны тапшылығын қысқарту мақсатында қалада бүгінгі таңда Зерделі шағын ауданында 550 орындық мектеп, әртүрлі аудандарда 5 қосымша құрылыс, сондай-ақ 6 мектептің күрделі жөндеуі мен реконструкциясы жүргізілуде. Бұған қоса, мегаполисте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 21 нысанның құрылысын жүргізу жалғасуда. Еске салсақ, қаладағы алғашқы «Жайлы мектеп» биыл қыркүйек айында ашылды.

Медет Иманбек №138 мектеп

Оқылып жатыр

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

«Жасырынуға тырысқан»: Тұрсынбек Қабатов интим массаж салонынан ұсталды деген ақпарат тарады

23 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдады

23 Қыркүйек, 2025

Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев инвесторларды Қазақстанға қалай тартып жатыр?

23 Қыркүйек, 2025

2025 жылғы «Алтын Доп» иегері анықталды

23 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Зеленскиймен кездесті

23 Қыркүйек, 2025

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.