Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті.
«3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін, әлеуметтік желілерде балабақшада балалардың топ ішіндегі бір бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны жайлы видео тарап кеткен еді.
Бұл жаңалық сізге қалай әсер етті?
Реакция қалдырыңыз 👇

