АЛМАТЫ. 21 қыркүйек. Todayinfo.kz. Алматыдан 9 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ТЖМ «ҰССО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 16 сағ. 25 мин. 19 сек. жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 с.е. 76.824 ш.б.
Координаттары: 43.165 с.е., 76.824 ш.б.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV – 3.8.
Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.
Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ. Дегенмен, 101 және 112 нөмірлеріне қоңыраулар түсіп жатыр. Сейсмологтардың датчиктері тіркеп, Mass Alert автоматты түрде іске қосылды.
Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз! Алаңдауға еш себеп жоқ. Толық ақпарат кейінірек беріледі.
SMS арқылы жіберілген ескерту
Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына ықтимал жер сілкінісі туралы хабарлама келген.
Онда былай делінген:
«Ұлттық ескерту! Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерге жасырылыңыздар. Толқындар басылғаннан кейін ғимараттан шығып, қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыздар! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыздар. Қосымша ақпарат Алматы қаласының ТЖД мен әкімдіктің сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады».
Контекст
Қазақстанның сейсмикалық аймақта орналасуына байланысты Алматы тұрғындары мұндай ескертулерді жиі алады. Қала әкімдігі мен ТЖД азаматтарды ресми дереккөздердегі ақпаратты ғана қадағалауға шақырады.