Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • «Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты
  • Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан
  • «Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады
  • «Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды
  • Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 1 ноября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

10 Қыркүйек, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мәскеу облысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьёв кездесіп, екі өңір арасындағы басым бағыттағы әріптестікті талқылады. Жиын Алматы және Мәскеу облыстарының кәсіпкерлеріне арналған бизнес-форум қарсаңында өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев та қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Андрей Воробьёв Қазақстаннан келген делегацияға алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Сіздердің Мәскеу облысына келіп, әртүрлі саладағы ынтымақтастықты талқылауға уақыт бөлгендеріңізге қуаныштымыз. Қазақстандық кәсіпкерлердің жобалары Подмосковьеде іске асса, ал біздің бизнес өкілдері Қазақстанда еркін жұмыс істей алса, бұл екі жақ үшін де тиімді болмақ. Бүгінгі форум осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі», – деді ол.

Алматы облысының делегациясы Солнечногорск қаласындағы «Есипово» индустриалды паркін аралап, «Лайт индустриал» үлгісімен танысты. Бұл жоба өндірісті небәрі үш айда іске қосуға мүмкіндік береді. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін тиімді шешім саналуда.

Марат Сұлтанғазиев те Мәскеу облысымен ұқсастықтарды атап өтті:

«Біздің аймақтың даму бағыты да, орналасуы да ұқсас – біз Алматыны қоршасақ, сіздер Мәскеудің айналасындасыздар. Экономикалық құрылым да сәйкес келеді. Қазақстандық кәсіпкерлердің Мәскеу облысында жұмыс істеуге қызығушылығы бар, сондай-ақ Мәскеу облысының бизнесі Алматы облысына келуге ниетті. Бұл – өндіріс пен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады», – деді ол.

Сондай-ақ, Сұлтанғазиев ресейлік әріптесін Алматы облысына ресми сапармен келуін ұсынды.

Соңғы бес жылда Мәскеу облысының Қазақстанмен тауар айналымы 1,8 есеге артқан. Қазіргі таңда қазақстандық нарықта Подмосковьеде өндірілетін косметика, химия, фармацевтика, полимерлер, машина жасау өнімдері, металл және автокомпоненттерге сұраныс жоғары.

Өткен жылы Мәскеу облысының бірқатар өндірушілері – Серпухов, Лосино-Петровский, Раменск, Люберцы, Сергиево-Посад округтерінің кәсіпорындары Қазақстанмен 177 экспорттық келісімшарт жасасып, өз өнімдерін жеткізе бастады.

Оқылып жатыр

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Соңғы жазбалар

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 ноября, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

31 Қазан, 2025

«Жаза тым жеңіл»: Рудный прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін 4,5 жылға ғана сотталды

31 Қазан, 2025

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

31 Қазан, 2025

Алматы облысында 12 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды

31 Қазан, 2025

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version