Фотоколлаж Azattyq Ruhy
Алматыда метро салу үшін бөлінген қаражаттан 5 млрд теңгеден астам ақша ұрланған. Қолды болған қаражат жайлы Бас көлік прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz/ агенттігі
Мемлекетке 53 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. 1 367 қадағалау актісі қаралды, олар бойынша 5 932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды және 1 358 адам жауапкершілікке тартылды.
«Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактураларды жазып беру фактілері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды», — деп атап өтті Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.