Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді
  • «Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды
  • Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
  • «Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды
  • «Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды
  • Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды
  • «Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды
  • Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Лауазымын асыра пайдаланған»: Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды

«Лауазымын асыра пайдаланған»: Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды

4 Қыркүйек, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін Антикор тарапынан ұсталып, қамауға алынды. Әкім қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланған, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 

Оған лауазымдық міндеттерін теріс пайдалану және билік немесе қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша айып тағылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен аудан әкімі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды», — деп мәлімдеді Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің баспасөз қызметі. 

Ол 1964 жылы Талдықорған облысы (Қазіргі Жетісу облысы) Дзержинск (Тоқжайлау) ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы теміржол көлігі инженерлері институтына түсіп, 1986 жылы «қатынас жолдары инженері» мамандығы бойынша бітірді. Кеңес Армиясында қызмет еткеннен кейін туған ауылына оралып, СПТУ—1 оқытушысы болып жұмыс істей бастады. Кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс істей отырып, қарапайым мұғалімнен мектеп директорына дейінгі жолдан өтті. 2001-2004 жылдары «Алакөл—Агро« ЖШС, «ТЅС—Агро« ЖШС, «Тау—Самал Ltd» компаниясы ЖШС директоры болып жұмыс істеді.  2004 жылдың қазан айында Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, ал келесі айда сол ауданның әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2011 жылдың мамырына дейін жұмыс істеді. Кейін облыс әкімдігіне әкім аппаратының басшысы лауазымына ауыстырылды. 2015 жылдың қарашасынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Талдықорған қаласының әкімі қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінде Іле ауданының әкімі болып тағайындалды. 

«Айта кету керек, облыс әкімінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі шешімімен Іле ауданы әкімінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 3 қыркүйекке дейін ұзартылған. Қазіргі уақытта келісімшарт мерзімі аяқталды, сондықтан өкілеттік уақыты да аяқталды», — деп хабарлады облыс әкімдігі. 

Оқылып жатыр

Астана – Ақтөбе рейсінен екі жолаушы түсіріліп, қолдарына кісен салынды

Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Бейбітшілік – ең басты байлығымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бүкіл әлемге ортақ бір дін болу керек, ол — Ислам»: Астанадағы әлемдік діндер көшбасшыларының сьезінде Жаңбыршин араздық тудыратын пікір білдірді

Тоқаев діндер съезіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

Соңғы жазбалар

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025

«Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ»: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

19 Қыркүйек, 2025

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

19 Қыркүйек, 2025

«Подстава»: Атышулы блогер Жанабыловтардың ісінде кімнің кінәлі екені анықталды

19 Қыркүйек, 2025

«Менің парақшам тек проблемаларды айту үшін емес»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасы елдің ашуын тудырды

19 Қыркүйек, 2025

Ахмет Байтұрсынұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті табылды

19 Қыркүйек, 2025

«Бақыт тыныштықты қалайды»: Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді құшақтап тұрған суреті пайда болды

19 Қыркүйек, 2025

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

19 Қыркүйек, 2025

«Орыстілді ел деп ойлағаны қынжылтты»: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сұрақтарды орысша дайындаған

19 Қыркүйек, 2025

«Отбасылық оқиғаларды жария ету орынсыз»: Белгілі қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың халықтан кешірім сұрауын талап етті

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.