Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

Алматы облысы Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

31 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

31 мамыр – совет билігі кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына еске алу күніне орай Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында еске алу іс-шарасы өтті. Оған жиналған ондаған адамның арасында Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев, тарихшы, жергілікті тұрғындар мен азаматтық белсенділер болды. Олар сол жердегі мемориалға гүл қойып, марқұмдарға құран бағыштады.

Жиында облыстық мәслихат төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы сөз сөйледі:

– «ХХ ғасырдың алғашқы жартысында іске асырылған саяси қуғын-сүргін және шектен шыққан ұжымдастыру науқаны нәтижесіндегі қолдан жасалған ашаршылық халқымызға орны толмас қасірет әкелді.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісі салдарынан елімізде 40 миллионнан астам мал басы қырылып, халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Қолдан жасалған нәубеттен 1,5 миллионға жуық адам көз жұмды.
Алматы облысының аумағында 250 мың адам солақай саясаттың құрбаны болып, 15 мың адам атуға кесілген. Жазықсыз жазаланған адамдардың көпшілігі осы Жаңалық ауылында және Қандысайда жерленген. Мұндай зобалаң жылдар қайталанбасын. Репрессиядан жазықсыз зардап шеккен азаматтардың есімдері ел есінде жаңғыра берсін. Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» — деп атап өтті.

Совет билігі кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған мемориал. Жаңалық ауылы, Алматы облысы, 31 мамыр 2024 жыл.
Совет билігі кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған мемориал. Жаңалық ауылы, Алматы облысы, 31 мамыр 2024 жыл.

31 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай X әлеуметтік желісінде жазба жариялады. Қазақстан «қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихының ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр» деді мемлекет басшысы.

«Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз» деп жазды Тоқаев. Президент бұл жазбасында Қазақстандағы қудалау туралы айтпады.

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған мемориал маңында жиналған жұртшылық халқымыздың жарқын келешегі үшін аянбай күрескен қайраткерлерді еске алып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухтарына тағзым етті.

Жиында облыстық мәслихат төрағасы сөз сөйледі:

– «ХХ ғасырдың алғашқы жартысында іске асырылған саяси қуғын-сүргін және шектен шыққан ұжымдастыру науқаны нәтижесіндегі қолдан жасалған ашаршылық халқымызға орны толмас қасірет әкелді.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісі салдарынан елімізде 40 миллионнан астам мал басы қырылып, халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Қолдан жасалған нәубеттен 1,5 миллионға жуық адам көз жұмды.
Алматы облысының аумағында 250 мың адам солақай саясаттың құрбаны болып, 15 мың адам атуға кесілген. Жазықсыз жазаланған адамдардың көпшілігі осы Жаңалық ауылында және Қандысайда жерленген.
Мұндай зобалаң жылдар қайталанбасын. Репрессиядан жазықсыз зардап шеккен азаматтардың есімдері ел есінде жаңғыра берсін.
Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» — деп атап өтті.

2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 19,8 млрд теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 2,7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, атаулы күнге орай кеше 30 мамыр күні Алматы облысының “Жаңалық” ауылындағы “Саяси қуғын-сүргін құрбандары ” музейінде дәстүрлі V ғылыми-тәжірибелік “Шерлі тарих: ХХ ғасырдың 1 жартысындағы қуғын-сүргін сабақтары” атты халықаралық конференция өтті.

Жиынға көрші Қырғызстан мен Өзбекстанның ғалымдары, Қазақстанның белгілі тұлғалары, Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев қатысты.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жиынды ұйымдастырушы – репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін “Арыс” қоры.

Қор басшысы Ғарифолла Әнес жиынның маңызын айтып, репрессия құрбандарын зерттеу ел шеңберінен асып Орталық Азия деңгейіне көтерілгенін айтты.

Сондай-ақ конференцияға қатысушылар осы Жаңалық ауылынан табылған 50 боздақтың мүрдесінің зерттеуден соң қайта жерлеу рәсіміне қатысты. «Алаш арыстары» мешітінде аруақтардың рухына құран бағышталып, ас берілді.

Оқылып жатыр

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.