Алматы облысының жастары жеңілдікпен пәтер ала алады. Әкімдік «Алатау жастары» бағдаралмасы бойынша бүгінен бастап өтініштерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Жеңілдікпен берілетін баспана бағдаралмасына жасы 35-тен аспаған адамдар қатыса алады.
Бағдарлама шарттары:
* Несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
* Бастапқы жарна — 10%;
* Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі — 6%;
* Несиелендіру мерзімі — 19 жыл.
Кімдер қатыса алады?
* Өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған;
* ҚР азаматтығы бар;
* Бағдарламаға қатысушының, және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек;
* ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
* Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі — 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған);
* Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Өтініштерді қабылдау қазан айының 1-15 аралығында өтеді.
Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейін.
Мекенжайы: Қонаев қ., 1 шағын аудан №41, Бәйтерек БО, 1 қабат, акт залы.
Толық ақпарат алу үшін Whatsapp желісіне хабарласыңыз: +7706 628 28 06