Алматы облысында 11 сыныптың оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғарғы балл жинады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Санжар Қуандық Еңбекшіқазақ ауданы Толқын орта мектебінде оқыған. Ол барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді.
Облыстық Білім басқармасы оқушыны құттықтап, сүйіншіледі.
«Қазақстан тарихынан — 20, Оқу сауаттылығынан — 10, Метематикалық сауаттылықтан — 10, Қазақ әдебиетінен — 50, Қазақ тілінен — 50 балл жинады», — делінген ақпаратта.