Қарасай ауданы Долан ауылында 11-сынып оқушысын өлтіріп кетті, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған. Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған марқұмның сыныптасын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.
Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкілдері баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция өкілдері бұл дерек бойынша облыстық білім басқармасына да тиісті ұсыныс жолданғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.