Фото: Алматы облысының Полиция департаменті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында бір айдан бері жоғалған 3 жасар қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, баланы іздестіру кезінде ауылға жақын маңдағы су қоймасынан су ағызылған. Бірақ ол жерден балаусаның із табылмаған.
Безымянный тоғанындағы су 2 метрге дейін азайтылған. Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы жақын маңдағы Күш ауылына жақын Ақши, Қырбалтабай мен Балтабай ауылдарының тұрғындарын да сұрастырып көрген.
Бұған дейін бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткені туралы хабар шыққан. Сол күні қыздың анасы полицияға хабарласқан. Қазір ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылып отыр.