Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды
  • Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматы облысында 900 орындық жаңа мектеп ашылды

Алматы облысында 900 орындық жаңа мектеп ашылды

25 Маусым, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында 900 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Үш қабатты, заманауи білім ошағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы мен «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында салынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мектептің ішкі инфрақұрылымы қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған. Білім ордасында пәндік кабинеттермен қатар STEM және робототехника сыныптары, инклюзивті білім беру орталығы, кітапхана, шеберхана, спорт және акт залы, кең асхана мен мәжіліс залы қарастырылған.

Ашылу салтанатында Алматы облысының әкімінің орынбасары  Болат Күреңбеков сөз сөйлеп, бұл нысанның өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселенің шешіміне айналғанын атап өтті.

«Бұл білім ордасы – Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген алғашқы заманауи мектептердің бірі. Мемлекет басшысының «Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек» деген сөзі бүгінгі істің мән-маңызын аша түседі», – деді ол.

Әкімнің айтуынша, тек өткен жылы өңірде 9 жаңа мектеп қолданысқа берілсе, биыл тағы 17 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері қолданылып, жеке инвестициялар да тартылуда.

Бұл нәтижелерге қол жеткізуде жергілікті атқарушы органдармен қатар, партиялық бақылау мен саяси қолдаудың да маңызы зор. «AMANAT» партиясы өңірлердегі инфрақұрылымдық бастамалардың жүзеге асуына тікелей араласып келеді.

«Екі жыл бұрын біз мектеп тапшылығы мәселесін шешеміз деп уәде бердік. Сол кезде облыста үш ауысымды 52 мектеп болған. Қазір бұл сан 30-ға дейін қысқарды. Жаңалықтағы мектеп – жол картасында көзделген 63 мектептің қатарындағы нақты жүзеге асқан жоба. Құрылыс басталған күннен бастап партиялық бақылауда болды. Уәде берген соң, сол процестің ішінде болу – біздің міндет», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев.

Айта кету керек, өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңарту – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Жол картасында белгіленген мақсаттар жүйелі түрде орындалып келеді. Жаңа мектептердің ашылуы үш ауысымды оқытуды азайтып қана қоймай, мұғалімдер үшін тұрақты жұмыс орындарын көбейтіп, жыл сайын мыңдаған балаға қолайлы оқу жағдайын жасауға мүмкіндік беруде.

Оқылып жатыр

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Соңғы жазбалар

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025

Азия-2025 мектеп оқушылары арасындағы чемпионаты: 10 алтын медаль!

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.