Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Таран ауылдық округінде ер адамнан таяқ жеген балаларға қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Балаларды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттаған ер адам олардың анасының көңілдесі болып шықты. Бұл ақпаратты ауыл әкімдігі жариялады.
«Әйел еш жерде жұмыс істемейді. Таран ауылына көшіп келген отбасы. Ал балаларды ұрып-соққан ер адам әйелдің келіп-кетіп, араласып тұратын көңілдесі болған, отбасының танысы», — дейді Таран ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Бабагелдиев.
Әкімнің айтуынша, қазір балалардың шешесі Ұзынағаштағы полиция бөліміне кеткен.
Күдікті – 2007 жылы 8 жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан адам.