Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды

22 Маусым, 2025

Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

22 Маусым, 2025

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды
  • Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды
  • «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)
  • Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті
  • «Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
  • 5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады
  • «Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады
  • Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 22 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында Бердiбек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған кеш өтті

Алматы облысында Бердiбек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған кеш өтті

26 января, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қонаевта қазақ әдебиетiнің классигi, көрнектi жазушы Бердiбек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты кеш өттi, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Мерекелік шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен жазушының қызы Самал Соқпақбаева, ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, ақын-драматург, мемлекет және қоғам қайраткері ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин, қазақ баспасөзінің айтулы ақсақалы, өткір публицист, Қазақстан жазушылар одағы деректі проза кеңесінің төрағасы, профессор, академик, белгілі журналист Марат Тоқашбаев, ҚР Президентінің Кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы, ақын, ҚР Парламент мәжілісінің  депутаты Жанарбек Әшімжан, “Менің атым Қожа” филімінде Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев қатысып құттықтауларын арнады.

«Жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де, бұл кино көрерменнің ыстық ықыласына ие болып келеді. Бердібек Ыдырысұлының «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді» сынды өміршең шығармалары бірнеше буын ұрпақты тәрбиеледі. Қаламгердің тамаша туындылары әлі де жас буынның кәдесіне жарап, рухын жанып, өмірге деген құлшынысын арттырып, әділдік үшін күресуге үндеп келе жатыр. Қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырған жерлесімізді әлем мойындап, мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Бұл – ең алдымен жазушыға деген, тұтастай алғанда елімізге деген үлкен құрмет», — деді құттықтау сөзінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Салтанатты іс-шараның мерекелік бөлімінде елімізге танымал эстрада әншілері Мейрамбек Бесбаев, Мадина Садуақасова, «Қоңыр» тобы, «Жігіттер» тобы, опера әншісі Есеңгелді Ырза, дәстүрлі әнші Құрметжан Ербақ, «Сенім» балалар хорының әндерімен көпшіліктің көңілі тербелді, концерт актерлық құрамның қойылымдарымен аяқталды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылындағы Бердібек Соқпақбаевтың аты берілетін саябақта жазушының еңселі ескерткіші бой көтеретінін айтты. Қаламгердің туған ауылы Қостөбе абаттандырылып, инфрақұрылымы жөнделеді деп уәде етілді.

«Ағамыздың «Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тіліне аударылып, тұсаукесері «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен Түркия мемлекетінің астанасы Анкара қаласында өткізу жоспарланып отыр. Жазушының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттау мақсатында Астана қаласында «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің классигі» атты кітап көрмесі өткізіліп, деректі фильм түсіріледі», — деді облыс әкімі.

Қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы Бердібек Соқпақбаев – ұлт әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген қаламгеріміздің бірі және бірегейі. Жазушының қаламынан туған «Менің атым Қожа» повесі әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Оның желісімен «Қазақфильм» студиясы түсірген фильм Францияның Канн қаласында жылда өтетін беделді халықаралық кинофестивальде 1967 жылы арнайы жүлдемен марапатталған.

Оқылып жатыр

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

Алакөл инфрақұрылымы жаңаша тыныс алды

Абай ауданының Дубовка ауылында абаттандыру қарқынды жүріп жатыр

Ұлытауда 500 литр қымыз тегін таратылды

Түркістанда аялдамалар тазаланды

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті

Соңғы жазбалар

Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды

22 Маусым, 2025

Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

22 Маусым, 2025

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

22 Маусым, 2025

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 Маусым, 2025

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

21 Маусым, 2025

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

21 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.