Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір экономикасының қарқынды дамып жатқанын мәлімдеді. Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,1%-ті құрап, барлық негізгі салаларда оң динамика байқалған. Өнеркәсіп 6,9%-ке, сауда 13,2%-ке, құрылыс 20,6%-ке, ал көлік қызметі 21,0%-ке артты.
Облысқа 778 млрд. теңге инвестиция тартылып (22,5% өсім), көршілес елдермен сауда байланысы кеңейді. Экспорт 102,9%-ке өсіп, әлемнің 63 еліне өнім жеткізілуде. Сондай-ақ, экспорттың 90%-ін өңделген өнімдер құрайды.
Trending
- 24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған
- Астанада ер адам көпірден секірмек болды
- «Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты
- 48 жастағы ер адам аттестат алды
- «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті
- Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр
- Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды
- Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды