Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы облысында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің әкесі үндеу жасады (видео)

7 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Алматы облысы Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні пышақ және тапаншамен қаруланған бір топ адам жасөспірімді өлтіріп кеткен еді. Олар кәмелет жасына толмаған балаға, оның әкесі мен ағасына шабуыл жасаған. Марқұмның отбасы ұлының өліміне кінәлілердің түгел жазалануын сұрап отыр.

Фото: Видеодан скрин

Марқұм Шерзаттың отбасы кісі өлтіруге қатысқандардың барлығын ұстап, жазалауды талап етеді. Бүгін оның әкесі мәлімдеме жасады.

“Мен кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың әкесімін. Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловқа арызданамын. Кісі өлтірілгеннен бері аудан билігі әрекетсіздік танытып, жұмысты кейінге қалдырып отыр. Олар тіпті баламның аты-жөнін де білмейді… Түн ортасында телефон соғып, өзімізді қорқытып, арыз жазуға мәжбүрлейді. Сондықтан әділ тергеуді сұраймын», – деді марқұмның әкесі.

Марқұмның әпкесі Бақыт Реймова полицейлер төбелеске қатысушылардың барлығын қамауға алмағанын айтты.

«Олардың барлық қылмыскерлерді ұстап, бізге көрсеткенін қалаймыз. Бізді теледидарға шақырып жатыр. Егер резонанс жасамасақ, бізді ешкім естімейді. Інім әскери қызметкер болғысы келді. Қаншама армандары ішінде өзімен бірге кетті. Сондай өкінішті жағдай. Бұлай болмауы керек еді», – деді ол.

Туыстарының айтуынша, Талғардағы төбелеске кемінде 13 адам қатысқан. Алайда полиция 7 адамды ғана ұстапты.

Алматы облысының полиция департаменті полиция кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

“Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайлар бойынша тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында”, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.

Ішкі істер министрі әлеуметтік желідегі парақшасында барлық жағдай өз бақылауында екенін мәлімдеді.

«Менің бірінші орынбасарымнан бастап бір топ ішкі істер қызметкері тергеудің толық және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр. Барлық кінәлілер лайықты жазасын алады», – деп жазды Сәденов.

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда бір топ бала төбелесіп, салдарынан жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мәнжайы анықталды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған.

Алматы ВИДЕО жасады жасөспірімнің кісі облысында тапқан қаза қолынан үндеу әкесі

Оқылып жатыр

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Соңғы жазбалар

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.