Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

1 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

1 Желтоқсан, 2025

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты
  • Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
  • «Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті
  • Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
  • «Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады
  • Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматы облысында марқұмның отбасы ұлдарының малға соғылып өлгеніне сенбейді

Алматы облысында марқұмның отбасы ұлдарының малға соғылып өлгеніне сенбейді

25 Қыркүйек, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы қара жамылған отбасы мотоцикл тізгіндеген ұлдары Жақсылық Серікұлының малға соғылып көз жұмғанына күдіктенеді. Жақындарының сөзінше, азаматтың сиырға соқтығысуына артынан қаққан көлік себеп болуы мүмкін деп отыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Информ бюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Мәліметтерге сенсек, соққының дауысын естіп көшеге шыққан куәгерлер оқиға орнында мотоциклден бөлек көліктің болғанын көрген екен. Бірақ бүгінге дейін темір тұлпар иесінің кім екені анықталмапты. Тіпті, оқиғаның жай-жапсары да тергелмеді дейді марқұмның жақындары.

Қайғылы оқиға болмай тұрып таңертең Жақсылық Серікұлы досына көмектесуге кеткен екен. Күні бойы екі дос жұмыстарын бітіріп, кешкі уақытта 22 жастағы жігіт мотоцикліне мініп үйіне қайтқан. Марқұмның ағасы Берік Тағаев мотоциклге қатты зақым келмегенін айтады.

«Осы жақтан келе жатқан мотоцикл. Ол қатты жылдамдықпен келмейді. Мотоциклді барып қарадық. Мотоциклдің багына 4 см темір кіріп кеткен. Мына жаққа соғылса темір кірер еді. Еш жері соғылмаған. Сиырға соғылса, мотоцикл быт-шыт болар еді. Мотоцикл келіп құлаған», – деді Берік Тағаев.

Қорам ауылының тұрғыны Мадияр Қасенов жедел шақырған.

«Жұмыстан келдім, тамақ ішіп отырсам, шиқылдап келген қатты дауыс естілді. Екі машина соғылды екен деп ойладым. Содан шығып қарасам, сиыр, мотоцикл, бала жатыр. Ал тура осы жерде машина аварийкасын жағып тұрды. Содан кейін жедел жәрдемге хабарластым», – деді ауыл тұрғыны.

Жақсылық Серікұлы үйінің үлкені. Артынан ерген 4 бауыры бар. Әскерден келіп, жоғары оқу орынына тапсырып қойыпты. Арманы полицей болу еді дейді анасы. Ол ұлының өліміне дәрігерлердің де кінәсі бар ма деп күдіктенеді.

«9 күннен кейін бізден сұрамай аппараттан шешіп тастаған. Аппараттан шешіп тастап, жаңағы менттің бәрін жинап алған. Екі балам сол аурухананың алдында отырған. Оларға да ештеңе айтпаған. Таңертең сағат 09:00-да қайтыс болды ма, 08:00-де ме білмейміз. Дәрігерлердің ешқайсысы бізге жауап берген жоқ. Қара салафанға салып, мәйітті жауып тастаған», – деді Жадыра Рахметова

Ал, Шелек аудандық ауруханасының мамандары баланың өте ауыр жағдайда жеткізілгенін айтады. Сондықтан, облыстан нейрохирург дәрігерін шақыртып, шұғыл ота жасадық деп отыр. Ауруханасы директоры Гүлнәр Кураметова жігіттің диагнозын айтып берді.

«Түскен уақыттағы диагнозы жабық ми жарақаты, мидың ауыр контузиясы, ми қысымы. Ол кісілерге баланың жағдайын түсіндіріп айттық. Хабардар болды. Бізде видеобақылау тұр. Жол-көлік апатынан түскен науқастарға сот-медициналық сарапшыға жібереміз. Қайтыс болған уақытта полиция шақырылады. Олар денесін келіп алып кетеді», – деді аурухана директоры.

Қазір Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы аталған жәйт бойынша қылмыстық іс қозғапты.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан жарақат алған жасөспірімнің туыстары әділдік іздейтінін жазған едік. 13 жастағы Саят Серікұлы велосипедімен көлікке соғылып, бес қабырғасы сынған екен. Ата-анасы тергеу тым баяу жүріп жатыр дейді. Көпбалалы ананың айтуынша, көліктің иесі “балаңды қараусыз қалдырдың” деп анасын кінәлаған. Тіпті Саяттың ата-анасынан шығынды өтеп беруді сұрапты.

Алматы малға марқұмның облысында отбасы сенбейді соғылып ұлдарының өлгеніне

Оқылып жатыр

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

Соңғы жазбалар

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

1 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

1 Желтоқсан, 2025

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.