Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында Мемлекеттік Ту бір мезетте көкке көтерілді

Алматы облысында Мемлекеттік Ту бір мезетте көкке көтерілді

5 Маусым, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысында «Тұғырлы Туым» атты ауқымды патриоттық акция өтті. Бұл күні өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мерекелік шараның басты бөлімі Іле ауданының Өтеген батыр кенті мен Қонаев қаласының 5-жағажайында ұйымдастырылды. Таңғы сағат 9:00-де Өтеген батыр ауылында Мемлекеттік Ту тұғыры маңына жиналған көпшілік Әнұранды бірге шырқап, көк байрақтың көкке көтерілу сәтіне куә болды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел болашағын тәрбиелеудегі маңызын атап өтті:

«Ту көтеру – тек салтанатты рәсім ғана емес, бұл – ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің, ұлттық рухты жаңғыртудың нақты көрінісі. Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегіндегі отансүйгіштік сезімін оятатын киелі нышан», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мемлекеттік рәміздеріміз – күллі халқымызға қастерлі нышандар» деген сөзіне тоқталып, тәуелсіздіктің құндылығына ерекше мән берді.

Шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды.

Қонаев жағажайында — шеру мен су шоуы

Мерекенің екінші кезеңі Қонаев қаласындағы 5-жағажайда жалғасты. Қала көшелерімен өткен «Тұлпар» ретро көліктер шеруі мерекеге көрік беріп, жағажай алаңына тізіліп қойылды. Қала әкімінің құттықтауынан соң, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген сәт — кәсіби флайбордшы Олеся Колесниченконың су үстіндегі көрінісі болды. Ол катерлер мен желкенді қайықтардың арасында әуеге көтеріліп, акробатикалық өнер көрсетті.

Рәміз – ұлттың рухы

«Тұғырлы Туым» акциясы — халықтың патриоттық рухын көтеріп, мемлекеттік нышандарға деген құрметті арттыруға бағытталған тағылымды бастама. Бұл күн — жас ұрпаққа елдік пен бірлік туралы ой салып, ел рәміздерінің қадірін терең ұғынуға мүмкіндік берді.

“Бір мезетте көкке көтерілген Ту – еліміздің тұтастығы мен халқымыздың жүрегіндегі ортақ мақтаныштың белгісі”, – дейді ұйымдастырушылар.

Оқылып жатыр

«Аспантаудағы алыптар айқасы»: Кегенде өткен «Қымызмұрындықта» жетісулық жігіт 121-ші қошқарды ұтып алды

«Қымызмұрындық-2025»: Кегенде өткен «Жолан жүйрігі» ат бәйгесінде жүлделі орындарды қырғыздар алып кетті

Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында қылмыс деңгейінің тұрақты түрде төмендеп келеді

«Тегін жер телімі кезекпен беріледі»: Алматы облысында жер учаскесін алуға 1 млн 284 мың адам өтініш берген

Ұйғыр ауданында алғашқы Apricot Fest фестивалі өтті

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.