Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында туризм маусымы ашылды

Алматы облысында туризм маусымы ашылды

24 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Туризм-дәуірлердің куәсі. Елдің болмыс-бітімі мен дамуының дара жолдары айшықталатын басты бағыты да осы сала. Сол себепті, туризімді қай жердің болмасын күре тамыры деп айтуға болады. Елімізде көркем мекендері көз тартатын әсем мекендер жетерлік. Оның ішінде, Алматы облысының әсем өлкелерін айтпасқа болмас. Өткен жыл Алматы облысында туризм саласы үшін аса табысты болды. Ішкі туризм 13 пайызға ұлғайып, келушілер саны 1,1 млн. адамға жеткен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Өңірдің туристік әлеуеті жыл өткен сайын жандануда. «E-Qonaq» жүйесінің деректері бойынша 2024 жылдың басынан бастап бүгінгі таңда келушілер саны 52 752 туристі құрады.

Мұндағы мінсіздікті көруге асыққандардың қарасы Алатаудың асыл жауһары саналатын Көлсай және Қайыңды көлдеріне ағылған. Тамылжыған табиғаты құтты қонағын мен мұндалап шақыратын киелі өлке Кеген, туризімде облыстың «жүрегіне» айналғаны бесенеден белгілі. Теңіз деңгейінен 2800 метрге дейінгі биіктікте орналасқан Көлсай көлдері, мөлдір суы мен қылқан жапрақты орманымен келушілердің жанарын арбайды. Бүгінде бұл маңдағы инфрақұрылым жүйесі мен туристерге қызмет көрсету сапасы әлде қайда артқан. Содан болса керек, 1 жылда 300 мыңға жуық адам Көлсай көлдерін тамашалаған.
Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, Көлсайдан бөлек, визит орталықтарда туристерді қабылдап жатыр.

«Кегеннің табиғатының өзі сұранысқа ие. Бізден керегі сол сұлулықты көркем түрде көрсету. Біздің ауданда Мың жылқы, Шарқұдық сынды жерлер мен Тұйық, Елтай сарқырамалары бар. Орта Меркі, шет Меркі деп аталатын орындарда туристердің қызығушылығын тудыруда»,-дейді аудан басшысы.

Кегенге келгендердің атбасын бұрмай кетпейтін тағы бір туристік жер-Қайыңды көлі. 1911 жылы пайда болған көлге өткен жылы 100 адам келсе, биыл жыл басынан бері 83 мың турист келген.
Қайыңы сызылтып ән салатын аймақта атты жол бар және такси қызметіде жолға қойылған. Алдағы уақытта күре жолы жасалса, туристердің саны екі есе артады деп күтілуде.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.