Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында туризм саласына 60 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

Алматы облысында туризм саласына 60 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

24 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысы туристік өлке. Аймақта өткен жылы туризм нысандары мен жобаларын дамытуға 60, 5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы баспасөз-туры кезінде мәлім болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Басқарманың тікелей мұрындық болуымен өткен баспасөз-турында өңірдегі көркем мекен Кеген ауданына қарасты Көлсай және Қайыңды көлдері таныстырылды. Тұмса табиғатымен көрген көзді жаулайтын сұлулыққа толы мекенде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, келушілерге қолайлы жағдай жасалған.
Мамыр айына дейін 80 мың турист Көлсай көлдерін тамашалауға келген. Алдағы жазғы маусымда бұл көрсеткіш 3 есеге ұлғаяды деп жоспарланған. Былтыр қос таудың ортасында орын тепкен Көлсайға 250 мың адам келсе, биыл бұл сандар 400-ден асады деп күтілуде.

«Өткен жылы Көлсай көлдеріне туристердің қауіпсіздігі үшін ағаштан жаяу жүргінші жолы жасалған еді, биыл бұл үрдіс жалғасын тауып, Қайыңды және Көлсай көлдеріне ұзындығы 470 метр болатын жол салынады»,-деді облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.

Қазіргі таңда дәл осы жерде инфрақұрылым мәселесі шешім тауып, келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Алматы облысының айшықты мекенін көзбен көруге келетін адамдарға қолайлы жағдай жасау міндет. Бұл қатарға, күре жолдың тағдыры да кіреді.
Облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, бүгінде туризм және спорт министрлігі әзірлеген 50/50 бағдарламасының аясында жол салу үшін өтінім берілген. Өтінім мақұлданса, туристер көп келетін аумақта халықаралық стандарттарға сай жолдар салынатын болады.

Айта кетейік, өңірде туристердің ағынын ұлғайту үшін «Tengri Ultra», «OCEANMEN» сынды ірі жобалар жүзеге асырылады. Жақын арада, «QAZAQ MARATHON» спорттық шарасы өтеді деп жоспарланған, марафонға 2 мыңға жуық адам қатыспақ. Бүгінде Алматы облысында эко және агротуризмға баса назар аударылуда.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.