Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады

29 Шілде, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған кешенді шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде тіркелген жұмыссыздар саны азайған. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,6%-ға төмендеген,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Әкімнің сөзінше, өңірлік деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы мен инвестициялық жобалар іске асырылуда. Соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2820 тұрақты жұмыс орны ашу көзделген. Бұл – тек білім саласындағы емес, құрылыс және қызмет көрсету салаларындағы жұмыс орындарына да оң ықпал етеді.

Алматы облысы бойынша 1,7 трлн теңгеге бағаланған 73 инвестициялық жоба тіркелген. Аталған жобалар толық іске қосылған жағдайда 21 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы аясында қосымша 450 жұмыс орны ашу жоспарланып отыр.

Әкім кәсіби оқыту бағдарламаларының нәтижесіне де тоқталды. Бүгінде 800-ден астам жұмыссыз кәсіби оқудан өтіп, тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. Олардың басым бөлігі кәсіпорын жанындағы оқыту арқылы тәжірибе жинақтаған. Қосымша 5,2 мың адам онлайн-оқытудан өтіп, жаңа мамандықтар бойынша құзыреттерге ие болды.

Жұмыспен қамту бағытында цифрлық жобалар да кеңінен қолданылуда. Студенттер үшін өндірістік тәжірибе орындарын таңдауға және жұмыс берушілерге үміткерлерді автоматты түрде іріктеуге арналған «Өндірістік тәжірибе» платформасы сәтті жұмыс істеуде. Сонымен қатар «Мансап компасы», «Enbek.kz» секілді онлайн-құралдар еңбек нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған.

Оқылып жатыр

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Соңғы жазбалар

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.