Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
  • Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады
  • «Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында жастар арасындағы көкпардан ел чемпионаты өтіп жатыр — финалда Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы кездеседі

Алматы облысында жастар арасындағы көкпардан ел чемпионаты өтіп жатыр — финалда Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы кездеседі

17 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында жастар арасында көкпардан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 13 команда, 156 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

16 мамыр күні өткен жартылай финалдық бәсекелерде финалға шығатын командалар анықталды. Жамбыл облысы мен Алматы облысы арасындағы тартысты ойын 6:3 есебімен аяқталып, жамбылдық көкпаршылар финалдың алғашқы жолдамасын жеңіп алды.

Шымкент қаласы Атырау облысын 12:0 есебімен ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама иеленді. Осылайша, 18 мамыр күні өтетін чемпионаттың финалында Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы командалары алтын жүлде үшін додаға түседі. Ал Алматы облысы мен Атырау облысы қола жүлде үшін таласады.

Шымкент командасының шабуылшысы Жалғас Оразалы өз пікірін білдірді: «Топтық кезеңде Ақтөбе облысын 15:0, Маңғыстау облысын 10:2 есебімен ұттық. Жартылай финалда Атырауды 12:0 есебімен жеңіп, финалға шықтық. Былтыр Шымкентте өткен чемпионат финалында Түркістан облысынан жеңілген едік. Бұл жолы қарымта қайтаратын сәт келді. Жамбылмен ойын тартысты болары сөзсіз, алайда жеңісті қолдан бермейміз», – деді ол.

17 мамыр күні өткен қосымша ойындарда Түркістан облысы бесінші орын үшін таласта Алматы облысын 6:0 есебімен ұтты. Қызылорда облысы Жетісу облысын 5:2 есебімен жеңіп, тоғызыншы орынға ие болды. Ұлытау облысы, Алматы қаласы және Ақтөбе облысы аттарының жарақат алуына және дайын болмауына байланысты чемпионатты мерзімінен бұрын аяқтады.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 12 миллион 350 мың теңге. Әр ойында жеңіске жеткен командаларға ақшалай сыйақы тағайындалған. Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы ат», «Үздік ат», «Үздік жекпе-жек ат», «Үздік ойыншы» атағына ие болғандарға әрқайсысына 300 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Оқылып жатыр

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Соңғы жазбалар

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

13 Қыркүйек, 2025

Трамп пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.