Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысында Жеңіс күні атап өтіліп, «80 жылға – 80 игі іс» акциясы қолға алынды

Алматы облысында Жеңіс күні атап өтіліп, «80 жылға – 80 игі іс» акциясы қолға алынды

9 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алматы облысы аумағында тұратын соғыс ардагерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтаулар келіп түсті. Жеңісті жақындатқан ардагерлерге атаулы күнге орай ыстық лебізге толы хаттар, естелік сыйлықтар және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар берілді. Бұл күнгі басты қуанышты жаңалықтың бірі — бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен құрмет ретінде Қонаев қаласында салынған тұрғын үйлерден демеушілердің атынан баспана кілтінің табыс етілуі болды. Сонымен бірге, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасымен аймақта тұратын көзі тірі бес соғыс ардагеріне бес миллион теңгеден әлеуметтік көмек берілді.

Жеңіс күніндегі салтанатты шара облыс орталығындағы «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шараға облыс басшылығы мен әр деңгейдегі мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы мен түрлі мекеме өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімге соғыс ардагерлері арнайы көлікпен жеткізілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің оркестрі шараны музыкамен әрлеп, мереке көркін қыздырды.

Шараға қатысқандардың арасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері Солтанбай Жарықбасов пен Алым Кибиров та болды.

Солтанбай ата шарада:

«Жеңіс — біздің баршамызға ортақ тағылымды тарихымыз, біздің өміріміздің өзегі әрі даңқымыз, абырой-беделіміздің көрінісі!» — десе,

ал А. Кибиров Жеңістің қадір-қасиетін кейінгі жас ұрпақ жадына тұтып, сезініп өссе деген тілегін жеткізді.

«Жеңістің 80 жылдық мерекесі тек ардагерлерге құрмет көрсетумен шектелмейді. Бұл күннің болашақ ұрпақ үшін де маңызы зор», — деді облыс әкімі.

Мереке күні аймақ басшысы ардагер Оксана Бетебаеваға ҚР Президентінің атынан Құттықтау хат, естелікке сыйлық ұсынып, жаңа пәтер кілтін табыстады.

Мерекелік іс-шаралар бүкіл облыстың бүкіл аймағын қамтыды. Облыс мұражайларында, кітапханаларда және Мәдениет үйлерінде көрмелер, еске алу кештері мен әдеби-танымдық кездесулер ұйымдастырылды.
Мәселен, облыстық кітапханада қайсарлық пен батырлық тақырыбында игі шара өтсе, ал Қарасай ауданындағы «Атамекен» орталығында жиналған қауым Халық қаһарманы, генерал-полковник Сапарғали Тоқпақбаевтың тағылымды әңгімесін тыңдады.

Жеңіс күнін мерекелеу 9 мамырмен шектелмесі анық. Облыс жастарының бастамасымен «80 жылға – 80 игі іс» акциясы қолға алынды. Бұл акция аясында 200-ден астам ардагерге көмек көрсетіледі. Еріктілер тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты қариялардың шаңырақтарына бас сұғып, үй жинауға және ауласын абаттандыруға қол ұшын созуда. Мектеп оқушылары мен студенттер үшін де әскери бөлімдер мен шекара заставалары отаншылдық рухты көтеретін экскурсиялар өткізеді.
Ал 10 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы дала жорығы» атты V халықаралық марафон өтеді.

Ауқымды жарысқа 500-ден астам спортшы қатысып, 5 мың көрерменді қамтиды деп күтілуде. Сондай-ақ, Талғар ауданындағы Нұра ауылында бәйге өтіп, жарыста 100-ге жуық шабандоз өнер көрсетті. Жеңіс күніндегі игі шара Райымбек ауданы Талас ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштің ашылуымен түйінделді.

Оқылып жатыр

Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңызды кездесу өткізді

Бейжің төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті

«Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтап, орныңыздан кетіңізші»: Алматы облысында бітпейтін тексерістен соң мектептен шу шықты

Патриоттық тәрбие: Қарасай ауданында қазақ күресінен «Алатау арланы» облыстық турнирі өтті

Жалындаған жастар, жарқыраған болашақ: Алматы облысында 1433 түлек оқуды үздік аяқтамақ

«Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025

«N1 продюсер екенін дүйім жұрт мойындады»: Қарақат Әбділдина зейнет жасына жақындаған күйеуін айтып мақтанды (ВИДЕО)

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.