Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнайы барып құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнайы барып құттықтады

7 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Отанға деген сүйіспеншілік – ел болашағының кепілі. Патриотизм рухы – әрбір қазақстандықтың жүрегінде елдің бейбіт өмірі мен тұтастығын қорғауға деген асқақ сезім. Қанмен жазылған тарихымыз бен ерлікке толы шежіреміз – бүгінгі ұрпаққа мұра. Батыр бабалар аманатын арқалаған Қарулы Күштеріміз ел бірлігі мен тыныштығын сақтау жолында аянбай қызмет етуде. Оларға деген құрмет – халқымыздың айқын азаматтық ұстанымының көрінісі.Осыған орай, Қонаев қаласының орталық алаңында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Мерекелік шараларға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қонаев гарнизонының бастығы, гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев, Ауған соғысының ардагерлері, өзге де әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлер, Қарулы Күштердің ардагерлері, Қонаев гарнизонының әскери қызметшілері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиналған қауым орталық алаңда орнатылған еңселі сахнадағы кең экраннан Астана қаласындағы әскери парадтың ашылу салтанатын тамашалап, Мемлекет басшысының құттықтауын тікелей эфирде тыңдады. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің маңызын атап өтті.

Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі. Ол Президенттің тапсырмасымен еліміздің Қарулы Күштерінде жүйелі жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті:

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жаңғыру үстінде. Олар ұлттық қауіпсіздіктің кепіліне, қоғамның тірегіне айналуда. Біздің Отан қорғаушыларымыз тек шекараны күзетіп қана қоймай, азаматтық келісімді нығайтуға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді, – деді өңір басшысы.

Мерекелік шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Алматы облысы әкімінің атынан Қонаев гарнизонының және Ұлттық ұланның жиырма шақты әскери қызметшісіне алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандар арасында полковник Жеңісжан Байжан, подполковниктер Данияр Маменов пен Берік Елікбаев, гвардия майоры Дархан Жәнсікбаев, майор Нұрлан Ожаров, лейтенант Лаура Бекболатова және сержант Елдос Қарбозов пен өзге де қызметкерлер бар.

Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жалғастырып, іс-шараға ерекше сән мен жылулық сыйлады.

Осы күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалёвке арнайы барып, келе жатқан Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Өңір басшысы ардагерлерге мерейтойлық медаль, 5 миллион теңге және Қонаев қаласынан жаңа пәтер кілттерін табыстады. Облыс әкімі соғыс жылдарындағы ерліктері үшін шынайы алғысын білдіріп, ардагерлерге қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, №20030 әскери бөлім аумағында заманауи әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Облыс әкімі бөлімнің материалдық-техникалық базасымен танысып, жеке құраммен әңгімелесіп, бөлімнің жабдықталу деңгейіне жоғары баға берді.

Қонаев қаласында өткен Отан қорғаушы күні бірлік пен ел тыныштығын күзеткен жандарға деген құрмет рухында өтті. Мерекелік шаралар армия мен халық арасындағы байланысты нығайтудың – Қазақстанның орнықты дамуының кепілі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Оқылып жатыр

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.