Фото: Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысында экономикалық өсім қарқынды жалғасуда. Әкім Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп беріп, негізгі көрсеткіштерді жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы жылдары 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өсіп, облыс республикадағы рейтингте 10-орыннан 5-орынға көтерілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің елдегі жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4% болса, биылғы бірінші жартыжылдықта – 4,8%-ға жетті.
Әкімнің айтуынша, Алматы облысы ірі өнеркәсіптік аймақтарды басып озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің жаңа драйверіне айналып келеді.
10 айдағы экономика: барлық салада тұрақты өсім
2024 жылдың қаңтар–қазанындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7% болып, барлық негізгі бағыттарда оң динамика сақталған.
Өнеркәсіп өндірісі – өңір экономикасының өзегі
Өнеркәсіп саласы биыл ерекше серпін көрсетіп, өндіріс көлемі 108,7%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті.
Жалпы өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 90%, бұл өңірдің инновациялық технологиялар мен өңдеу өндірісін басым бағыт ретінде қалыптастырғанын көрсетеді.
Алматы облысы аграрлық аймақ мәртебесінен шығып, инновация мен өңдеуді қатар дамытатын жетекші өңірге айналып келеді.
Инвестицияның негізгі нысанасы – өнеркәсіп
Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіпке тиесілі. Сондықтан бұл сала – инвестиция тартудың басты бағыты. Қазіргі таңда облыстағы барлық қаржы құйылымдарының 29%-ы өнеркәсіп саласына бағытталған.

