Алматыда №7 қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургтары 49 жастағы алматылық әйелдің миында көлемді ісікті алып тастау бойынша күрделі операция жасады, деп хабарлайды Todayinfo.
Біраз уақыттан бері әйелді бас ауруы мазалап жүреді, ауру күннен-күнге күшейе түседі, сонымен қатар көру қабілеті нашарлай бастайды, бастапқыда сол көз, одан кейін оң жақ көздің көру төмендейді. Бас миына жасалған магнитті-резонанстық томография алдыңғы бас сүйегінің шұңқырында көлемді ісіктің барын анықтады және пациентке нейрохирурке қаралуға кеңес берілді.
Қосымша жасалған контрастты МРТ зерттеуі ісіктің шекаралары мен өлшемдерін, сондай – ақ оның орналасуын-оң жақ маңдай бөлігі мен жарты шардың арасында, бас сүйегінің түбінен өсуін дәл анықтап берді. Консилиумнан кейін «жетіншінің» дәрігерлері, «keyhole» әдісін қолдана отырып операция жасауға шешім қабылдады – бұл қастың үстіңгі жағындағы бас сүйек қуысына аздап тілік жасау арқылы аз инвазивті қол жетімділік жасау. Осы жоғары дәлдікті қамтамасыз ететін техниканы қолдану арқылы операция жасаған нейрохирургтар ісікті локализациялау, оған қол жеткізу және шектеулі кеңістікте манипуляцияларды орындау қиындықтарына қарамастан, араласудың жарақаттануын азайта отырып, ісікті толығымен, түбегейлі алып тастай алды. Айта кету керек, бұл микрохирургиялық әдіс нейрохирургтың зергердей шеберлігін және дәлдігін талап етеді.
«Бұл жағдайда біз бас сүйек түбіндегі ісікке жету үшін маңдай бөлігін көтеріп, бүйірлік кіру арқылы операция жасадық. «Keyhole» әдісінің артықшылықтары: жоғары дәлдік. Жарақаттанудың аздығы. Тез оңалу мүмкіндігі. Хирургиялық араласудың көлемінің аздығы сауығу және қалпына келтіру мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Косметикалық әсері. Қастың үстіңгі жағындағы кішігірім тілік емделгеннен кейін іс жүзінде байқалмайды, бұл әйел қауымы үшін маңызды, — дейді № 7 қалалық клиникалық аурухананың № 4 нейрохирургиялық бөлімшесінің дәрігер-нейрохирургі Берік Исатаев.
Айта кетейік, операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізілді. Қазіргі кезде пациент ауруханадан шығуға дайындалуда. № 7 ҚКА дәрігерлерінің кәсібилігі мен заманауи технологиялардың арқасында әйел жақын арада толыққанды өмірге оралады.
«Біздің аурухана жағдайында микрохирургиялық операциялар жасауға болады. Сонымен қатар, мұндай операциялар жоғары біліктілік пен мамандардың тәжірибесін талап етеді, өйткені ісікті кішігірім тілік арқылы алып тастау — күрделі және нақты жұмыс, — деп атап өтті « № 7 ҚКА-ның
4 нейрохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, профессор Ермек Қаптайұлы Дюсембеков.