Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы волонтерлері ашық аспан астында отандық фильмдердің көрсетілімін бастады

Алматы волонтерлері ашық аспан астында отандық фильмдердің көрсетілімін бастады

4 Мамыр, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласында көптен күткен «Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім» жобасы өз жұмысын бастады. Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, қала волонтерлерінің бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба – қала тұрғындары мен жастарына жаз мезгілін қызықты әрі пайдалы өткізудің таптырмас мүмкіндігі, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Ерекше форматтағы бұл жоба – қаладағы мәдени демалысты қолжетімді етіп қана қоймай, отандық киноиндустрияны насихаттау мен танымал етуге бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кинокөрсетілімдер Алматының барлық 8 ауданында апта сайын өтетін болады. Бұл – әр аудан тұрғындарына сапалы кинотуындыларды тегін тамашалауға жол ашатын тамаша мүмкіндік.

Жобаның ашылу кешінде сөз сөйлеген Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева кинокөрсетілімнің маңыздылығына тоқталып, бұл бастаманың қоғаммен байланыс орнатудағы рөлін ерекше атап өтті:

«Бүгін біз қала тұрғындары үшін ерекше атмосфера сыйлайтын “Ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдерді” бастап жатырмыз. Бұл тек фильм көру ғана емес – бұл адамдар арасындағы байланыс, ашық диалог, мәдениет пен отандық өнерге құрмет. Енді әр апта сайын қаламыздың әр ауданында отандық фильмдерді көрермен назарына ұсынамыз. Волонтерлердің белсенділігі мен қоғамға пайдасы осындай жобалар арқылы одан әрі арта түседі деп сенеміз», – деді ол.

Кешке қатысқан көрермендердің де әсері ерекше. Жастар үшін мұндай іс-шаралар өзара танысуға, ортақ қызығушылық табуға, рухани байып, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Кешке алғаш рет қатысқан қала тұрғыны, студент Айзере Қали былай деп пікір білдірді:

«Мұндай іс-шаралар – біз секілді жастар үшін үлкен мотивация. Біріншіден, отандық киноны қолдаймыз, екіншіден, табиғат аясында, ашық аспан астында уақыт өткізу – ерекше әсер сыйлайды. Мен бүгін өзім үшін жаңаша эмоция алдым. Осындай форматтағы мәдени кештер жиі өтіп тұрса екен», – дейді Айзере.

Айта кетейік, Алматы қаласында жыл сайын жастарға арналған 1000-нан астам экологиялық, мәдени, спорттық және білім беру бағытындағы жобалар жүзеге асырылады. Бұл бастамалардың барлығы – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, оларды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартуға және сапалы бос уақыт өткізуге арналған.
«Ашық аспан астындағы кинокөрсетілім» – сол жобалардың жарқын үлгісі. Ол тек көңіл көтеру ғана емес, ұлттық киноны дәріптейтін, көрермен мен өнер арасында рухани көпір орнататын әлеуметтік-мәдени бастама болып отыр.

Оқылып жатыр

«Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін шетелге паш ететін алаң»: Аида Балаева Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейімен танысты

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.