Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті
  • Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
  • «Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады
  • Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды
  • Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды
  • Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?
  • Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін
  • Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда 1000 түп алма ағашы отырғызылады

Алматыда 1000 түп алма ағашы отырғызылады

24 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда жаппай ағаш пен гүл отырғызу науқаны басталды. Мәдениет саласының өкілдері театрлар мен музейлердің, кітапханалар мен архив, зообақ пен цирк аумағына, сондай-ақ қаладағы саябақтар мен скверлерде 1000 түп алма ағашын отырғызуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына ұлт жанашыры, халық ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов қолдау көрсетті. Ол «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдына алма ағашын отырғызып, экологиялық шараның қаланың тыныс-тіршілігі үшін аса маңызды екенін жеткізді.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ театр алдына мәдениет саласының басқа да танымал өкілдері өз атынан алма көшетін екті. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдына барлығы 60 ағаш және 2500 гүл отырғызылды.

«Бұл – жақсы қасиеттерді насихаттайтын, ынтымақ пен ауызбіршілікке шақыратын және мейірімділікке баулитын үлкен іс-шара. Мен 82 жаста болсам да, ортақ мүддеміз үшін азаматтық белсенділік танытып, ағаш отырғызуға келдім. Әсем Алматымызды көркейту жолында қала тұрғындары ғана емес, қонақтары да атсалысуы қажет. Мұндай бастамаларды қолдаған дұрыс деп ойлаймын. Алматы экологиялық мәдениет жоғары дамыған қалаға айналуға тиіс. Соған тырысуымыз керек», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Бұған қоса, Алматы хайуанаттар бағының аумағында сала қызметкерлері 250 түп шомырт, мамыргүл, тал, талшын, бадам, жаңғақ және көктерек отырғызды. Ал Қазақ мемлекеттік циркінің аумағында 70 көшет және 40 гүл, қалалық музейлер аумағында 130 ағаш және 400-ден астам гүл отырғызылды.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, 27 сәуір күні Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында жаппай алма көшеттері егіледі. «Алматы – бақ қала» акциясы барысында барлығы 7 705 жасыл желек, оның 4 015 жеміс (3 855 алма ағашы) және 1 090 жапырақты ағаш, 2 600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.) отырғызылды. Мемлекет басшысы мегаполиске жасаған іс сапары барысында Алматыға «жасыл қала» мәртебесін қайтаруды тапсырған болатын.

«Мен Қазақстан бойынша 2 миллиард түп көшет отырғызу бастамасын ұсындым. Өйткені біз, шын мәнінде, көгалдандыруға зәруміз. Алматы бұрын жасыл қала еді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде бұл мәртебесін жоғалтып алды. Айырылып қалған мәртебемізді қайтаруымыз керек. Ағаш егу – биік мәдениеттіліктің белгісі», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, 12 сәуір күні Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы барысында, Таза Қазақстан – көзбояушылық жасайтын сенбілік емес екенін баса айтқан болатын.

«Су тасқынына ұшырамаған өңірлерде менің тапсырмаммен «Таза Қазақстан» науқаны басталды. Мен әкімдердің бәріне бұл бірреттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

алма Алматыда ағашы отырғызылады түп

Оқылып жатыр

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады

1—желтоқсан тұңғыш президент күні: Назарбаев өз дәуіріндегі ерекше күнді еске алатын видео жариялады

Соңғы жазбалар

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

1 Желтоқсан, 2025

Bloomberg: Қазақстандық олигарх Түркиядан банк сатып алмақшы

1 Желтоқсан, 2025

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

1 Желтоқсан, 2025

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.