Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған 120-дан астам іс-шара өтеді

8 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды бағдарлама басталды. Тамыз айы бойы қалада 120-дан астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында – театр қойылымдары, поэзия кештері, әдеби сағаттар, көрмелер, концерттер, жастармен кездесулер, сондай-ақ спорттық, қайырымдылық және ағартушылық акциялар бар.

Мерейтойдың басты салтанаты 10 тамызда – Абайдың туған күнінде өтеді.
Сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Ал сағат 12:00-де дәл осы алаңда «Алаштың Абайы» атты музыкалық-драмалық концерт ұйымдастырылады. Концертке Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Саят Мерекеұлы, Роза Рымбаева, Айгүл Қосанова және өзге де танымал өнер иелері қатысады. Бағдарламада – Абай шығармаларынан шабыттанған театрландырылған көріністер, поэзия, вокалдық және аспаптық нөмірлер ұсынылады.

Іс-шаралар қаланың барлық сегіз ауданында өтеді.
Мәселен, 8 тамыз күні сағат 11:00-де №6 кітапханада «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты поэзия кеші өтеді. Жазушы Нұрдәулет Ақыш пен ақын-философ Мұратхан Шоқан Абайдың бүгінгі қоғамдағы рөлі жайлы ой бөліседі.
Сол күні Қазақстан жазушылары кітапханасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейінде сағат 15:00-де «Жарқын жұлдыздар» еңбегі негізінде Абай шығармашылығына арналған материалдар ұсынылады.

9 тамызда сағат 15:00-де Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музейінде «Ұлы Абай» атты дәріс өтеді. Онда ақын бейнесі тарихи және әдеби контексте сараланады.

10 тамыз күні 10:00-де Махатма Ганди атындағы саябақта №4 кітапхана-филиал «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты арт-композиция өткізеді. Бағдарламада – әдеби ойындар, өлең оқу, Абай әндерін орындау, сондай-ақ «Ғаламның жыр данасы – Ұлы Абай» атты көрме ұсынылады.

28 тамызда сағат 19:00-де Республика сарайында «Абайға тағзым» атты мерекелік концерт өтеді. Қойылым Абайдың рухани жолын музыка, театр және биді біріктіре отырып сахналайды.

Қыркүйек айында Мемлекеттік қуыршақ театрында «Мен бір жұмбақ адаммын… Абай» спектаклінің премьерасы өтеді (жас шектеуі: 16+). Қойылым Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы мен «Қара сөздері» негізінде сахналанып, ақынның ішкі жан дүниесін, парасаты мен рухани тереңдігін ашады.

Барлық іс-шара азаматтарды, әсіресе, жастарды ұлттық мәдениетке жақындатуға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыруға және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең ұғынуға бағытталған. Абай тұлғасы адамгершілік пен ағартушылықтың, жанды қазақ ойының символы.

Абай 180 Абай 180 жылдығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.