Фото: Caravan.kz
Қазгидромет Алматыда 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Алматыдағы ауа райы болжамы:
30 қаңтар – Алматыда бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар) жауады. Кей уақытта көктайғақ болады. Кешке тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.
31 қаңтар – бұлтты ауа райы, кей кездері қар жауады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -2…-4°C.
1 ақпан – бұлтты ауа райы, кей кездері қар жауады. Жолдарда көктайғақ сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C.