Жетісу ауданына қарасты №103 санаториялық бөбекжай — балабақшасының тәрбиеленушілері спектакль қойды. Балабақша меңгеруші Баян Сатыбалдиеваның бастамасымен қойылған «Қадірдің бақытын іздеуі» атты қойылымда тек балалар ғана емес, тәрбиеші ұстаздар да әртүрлі рөлделде ойнады. Қойылымның негізгі актерлары «Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері.
«Балаларды ертегі арқылы жақсы және жаман қасиеттерді ажыратуға, өз бойына қажетті жағымды қасиеттерді сіңіруге,ертегі кейіпкерлері арқылы қайырымдылыққа, жанашырлыққа, ақылдылыққа, ізденімпаздыққа, ептілікке үйрете отырып, йога, нейро жаттығу, тыныс алу жаттығуларының денсаулыққа пайдалы екенін, ой мен қиялды дамытуға әсер ететіні туралы түсінік беру», — деді шараны ұйымдастырушылар.
Ертегі желісі арқылы балалар бақытын іздеген Қадірдің сапарына көмектесіп, көңілді әуенмен би билеп, ән айтып, жұмбақтардың шешуін табуға тырысты.
«Нейро, иога жаттығулары арқылы миларын шынықтыра отырып ішкі сезімдерін нығайтып, тыныс алу жаттығуларын жасайды. Осылайша көптеген ертегілер әлемінен оралған Қадір кішкентай бүлдіршіндердің арқасында Бақыт деген өз үйің, достық, бірлік, еркіндік, еңбек екенін түсінеді. Әдіскер — Надира Мұқанова,
музыкалық көркемдеуші — Гүлсім Назарова болды. Жансая Шолпанқұлова, Шархан Турлыбекова мыстанның, Ханның рөлін Катира Тұрсынбаева сомдаса, Күміскүл Абилашимова жынның рөлінде ойнады»,- деді балабақша меңгерушісі.
Сонымен қатар Аян Нұрбекова, Алма Әлібаева, Гүлжанар Сағынаевалар да ат салысып, киіз басу өнерін Шынар Сыдықанова көрсетті. Инновациялық технология түрлі-түсті құммен жұмыс істеуді Бағила Құдайбергенова үйретті.