Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда балабақшадағы бүлдіршінді қатарластары аяусыз тепкілеген (ВИДЕО)

23 февраля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласындағы №51 балабақшада бүлдіршінді қатарластары соққыға жығып, аяусыз тепкілеген. Балалардың бүлдіршінді соққыға жығып жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы ZTB|QAZAQSTAN Telegram-арнасы хабарлады.

Оқиға 21 ақпанда болған. Сол күні бір топ бала балабақшаның тәрбиеленушісінің жоқтығын пайдаланып, бөлмеде қатарласын жерге құлатып, басынан тепкілеген. Олар жерде жатқан бүлдіршіннің үстіне де секіріп, соққыға жыққан. Осы оқиғадан кейін зардап шеккен баланың ата-анасы ZTB-ның редакциясына хабарласып, көмектесуді өтінген.

«Балабақшада біздің баламызды бір топ бала тепкілеп, денсаулығына зиян келтірген. Оны 5 минут бойы ұрып, соққының астына алған. Біздің баламыз ешкімге соқтығыспай, өзімен-өзі отырған екен. Ал топтағы балалар оны жерге құлатып, аяусыз ұрған. Видеода бәрі көрсетілген. Дәл сол кезде тәрбиеші жұмыс орнында болмаған. Ол өзінің бір шаруаларымен көшеге шығып кетіпті», – деді баланың ата-анасы.

 

Анасының айтуынша, содан кейін зардап шеккен бүлдіршін ауруханаға жеткізілген. Оның миы шайқалған.

«Бұл не деген сұмдық?! Айтыңыздаршы! Балалар сондай қатыгез бола ма?! Мұндай тәрбиені ата-аналары берген бе, сонда?! Біз күні бойы көзімізге жас алып, баламызды уайымдап шықтық», – деді бүлдіршіннің анасы одан әрі.

Баланың әкесі де балабақшадағы тәрбиеге наразылығын білдіріп, тәрбиешінің жұмыс орнында болмағанына жауап беру керектігін айтты.

«Біздің баламыз жерде тепкінің астында қалып, жылап жатыпты. Ал тәрбиеші соны көріп, ештеңе болмағандай жанынан өтіп кеткен. Ол, тіпті, бізге бала басын ұрып алды деп өтірік айтты. Оған сенбедік. Біздің бауыр етіміз ғой. Бір нәрсенің болғанын іштей сездік. Қатыгез ұрпақ өсіп келеді», –  деді ол.

 

 

Алматыда аяусыз балабақшадағы бүлдіршінді ВИДЕО тепкілеген қатарластары

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.