Алматы қаласында орналасқан «Перзент» балалар үйінің асханасында өрт шықты, деп хабарлайды Todayinfo Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Алтын Орда көшесіндегі мекемеде болған. Алдын ала деректер бойынша, өрт асханада тұтанған.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Барлық балалар мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіп кеткен.
Қазіргі уақытта Алматы қалалық ТЖ департаментінің бастығы мен мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі анықталуда.
Фото: скрин

