Алматыдағы бейнебақылау камераларына ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған.
Полицейлер оқиғаға қатысушылардың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырады.