Фото: Zakon.kz
6 қаңтарда Алматыдағы Рысқұлов даңғылында, «Бақорда» сауда орталығының қарама-қарсысында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Шығыс бағытта келе жатқан Nissan Cefiro көлігі кенеттен жолға атып шыққан ер адамды қағып кетті.
Жүргізушінің айтуынша, ол шамамен сағатына 50 км жылдамдықпен келе жатқан. Ер адамға соққы салдарынан ауыр ми жарақаты келтірілген. Зардап шеккен адам дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.
Марқұмның жеке басы анықталды, ол 1981 жылы туған ер адам. Жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, марқұм рұқсат етілмеген жерден жолды кескен, дегенмен апат орнынан небәрі 100 метр қашықтықта жаяу жүргіншілер өткелі болған.