1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялықнауқан өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қала тазалығын қамтамасыз ету арқылы оныңэкологиялық жағдайын жақсарту жәнетұрғындардың қоршаған ортаға дегенжауапкершілігін арттыру.
Науқан бір айға жалғасатындықтан, әр аптағаарнайы іс-шаралар жоспары әзірленген:
•«Таза көшелер» (1-9 наурыз) – аялдамаларды, жол белгілерін тазарту, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру.
•«Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аумақтарда сенбіліктерұйымдастыру, қоқыс жинау жұмыстары.
•«Таза аулалар» (17-23 наурыз) – аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарынтазалау, абаттандыру элементтерін сырлау жәнекөгалдандыру. Сонымен қатар, «Үздік аула», «Үздік аула сыпырушы», «Үздік бау-бақша» конкурстары өтеді.
•«Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – ескерткіштерді абаттандыружәне жаппай ағаш отырғызу.
Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанынабелсенді қатысуға шақырады.