Алматы қаласының Алмалы ауданының полиция қызметкерлері жыл басынан бері сауықтыру массажы атын жамылған 16 жезөкшелер ордасын анықтады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Рейд нәтижелері
Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде интимдік қызмет көрсеткен 30-дан астам әйел ұсталып, полицияға жеткізілді. Олардың ішінде үш шетелдік азамат бар, олар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды. Қалған азаматтарға әкімшілік шара қолданылды.
Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімнің бастығы Батуржан Абдумасаров мәлімдегендей:
«Заңсыз қызмет көрсеткен 16 ғимараттың иелері жауапкершілікке тартылды. Мұндай мекемелерді анықтау және жабу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда».
Алматыда рейдтер жалғасады
Құқық қорғау органдары қаладағы басқа да заңсыз боди-массаж салондарын анықтау мақсатында тексерістер жүргізуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram