Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • «Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады
  • «Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда демалыс күндері: Ethno-world фестивалі, дрон шоуы және AY YOLA

Алматыда демалыс күндері: Ethno-world фестивалі, дрон шоуы және AY YOLA

7 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

7 және 8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, 8 маусым күні сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жолыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз.

Алматының имидждік мәдени жобаларының біріне айналған бұл фестиваль тағы да мыңдаған көрерменді жинап, дәстүр мен заманауи музыканы, ұлттық тамыр мен жаһандық трендтерді біріктіреді. Биыл сахнада Қазақстаннан, Италиядан, Колумбиядан, Оңтүстік Кореядан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Башқұртстаннан келген танымал музыканттар өнер көрсетеді. Қонақтарды қолөнер жәрмеңкесі, түрлі халықтардың этникалық тағамдары және асық ату жарыстары күтеді. 8 маусым күні AY YOLA және OTYKEN фестивальдің басты хедлайнерлері болады. Артистердің нақты өнер көрсету бағдарламасын фестивальдің ресми аккаунттарынан көруге болады.

Сонымен қатар, 8 маусым күні The Spirit of Tengri фестивалінің концерттік бөлігінен кейін, Абай алаңында Республика Сарайының алдында үлкен дрон шоу өтеді. Жарық шоуы сағат 22:00-де басталады.

Көрермендерді түнгі аспанда Ұлы дала мәдениеті, түркі халықтарының мифтері мен заманауи мегаполис атмосферасынан шабыттанған бейнелерді жасайтын жүздеген дронның таңғажайып көрінісі күтеді. Бұл жоғары технология мен терең символиканың үйлесімі, түп-тамыр, сабақтастық пен даму жайлы көркем визуалды поэма.

Аспанды отбасы құндылықтарының символы ретінде шанырақ, қобыз ұстаған Қорқыт, кітап ұстаған Абай мен домбыра ұстап тұрған Құрманғазы бейнелері жарқыратады. Сондай-ақ, қалықтаған бүркітпен бірге көтерілген күн, «Алматы, сені жақсы көремін» деген жазуы бар жүрек және басқа да бейнелер пайда болады.

Бұл жарық шоуына кез келген адам қатыса алады – кіру тегін.

Оқылып жатыр

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

Амстердамда Алматы музейінің «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылды

Қаладағы жаңа құрылыс қалай ақылға қонымды болуы мүмкін?

Алматы әкімі қала тазалығын бақылауға алу мен тұрғындардың өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

Соңғы жазбалар

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.