Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Отбасын ойран ететін қатындар»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуы туралы айтты

9 Қараша, 2025

Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды

9 Қараша, 2025

Кәрім Мәсімовтың болат қылышы сатылды

9 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Отбасын ойран ететін қатындар»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуы туралы айтты
  • Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды
  • Кәрім Мәсімовтың болат қылышы сатылды
  • «Күйеу ретінде рөлін жақсы атқара алмаған шығар»: Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы анасын тастап кеткен әкесіне араша түсті
  • Президент теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады
  • Ақмола облысының 100-ден астам педагогі жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізіп жатыр
  • «Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым» (видео)
  • Сиыр еті 20 мың теңгеге дейін қымбаттай ма — сарапшы жауап берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 9 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматыда денсаулық сақтау жүйесінің 2025 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

Алматыда денсаулық сақтау жүйесінің 2025 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

7 Қараша, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда қаланың денсаулық сақтау жүйесінің осы жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерін талқылауға арналған алқа отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым төрағалық етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Отырыста сондай-ақ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жеке акционерлік қоғамы Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан, Алматы қаласы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы және ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Дамир Даулетбаев баяндама жасады.

Қалада денсаулық көрсеткіштері бойынша тұрақты оң динамика байқалады. Жалпы адам өлімі 0,75%-ға төмендеп, республикалық орташа деңгейден 21%-ға төмен көрсеткішті сақтап отыр.

Биылғы 9 айда Алматыда ана өлімі тіркелген жоқ, ал нәресте өлімі 21,8%-ға төмендеді. Бұл ел бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі.

Қан айналым жүйесі ауруларынан (–4,9%), онкологиялық аурулардан (–13%), туберкулезден (шамамен екі есеге), жарақаттар мен жазатайым жағдайдан (–11%) болатын өлім-жітім де төмендеп келеді.

Алматының медицина ұйымдарында 18,5 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 5 мыңнан астам дәрігер және 10 мыңнан астам орта буын мамандар. Дәрігерлермен қамтылу деңгейі – 91,5%, орта медициналық қызметкермен қамтылу – 90,5%.

Жыл сайын қала медицина ұйымдарына 400-ден астам жас маман жұмысқа орналасады. Бұл кадр тапшылығын кезең-кезеңмен азайтуға және жүйенің кәсіби әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Алматыда медициналық маман тапшылығын төмендету бойынша шаралар жүзеге асырылып келеді. 2025 жылы қаладағы медициналық жоғары оқу орындарында 319 резидент білім алып жүр, оның 124-і биыл түскен. 2024–2025 оқу жылына әкімдіктің мемлекеттік тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына 1 216 студент қабылданған.

Алматыда 2030 жылға дейін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың кезеңдік жоспары іске асуда. Екі алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, жедел жәрдем қосалқы стансасы және емхана құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, №4 ҚКА, №7 ҚКА және №1 перзентхана жөнделіп жатыр.

2026 жылдан бастап көпсалалы ауруханалар, балалар клиникалық орталықтары, онкоорталық және перинаталдық орталықты қамтитын тоғыз жаңа нысанның құрылысы жоспарланған.

Медициналық техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 93,9%.

Биыл қала медицина ұйымдары үшін шамамен 3000 бірлік заманауи жабдық сатып алу көзделген.

2025 жылы телемедицина, жасанды интеллект және қашықтан денсаулық мониторингін біріктіретін Almaty Digital Medical Center (ADMC) цифрлық медицина орталығы іске қосылды. Пациенттерді Face ID арқылы сәйкестендіру, электронды аурухана парағы, анықтамалар және т.б. енгізілді.

Қашықтан көрсетілетін медициналық қызмет саны 236 мыңға жетті. Онкоорталықта химиопрепараттарды роботтандырылған дайындау жүйесі іске қосылды, ал емханаларда жасанды интеллект элементтері бар дауыс көмекшілері жұмыс істей бастады.

Алматы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын да нығайтып келеді. 2025 жылдың 9 айында қала стационарларында ТМД елдерінен, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 279 шетелдік науқас емделді. Ең сұранысқа ие бағыттар – перинатология, онкология, офтальмология, хирургия және урология.

Қаладағы 29 медициналық ұйым 59 бағыт бойынша жоғары технологиялық көмек көрсетеді. Бұл өткен жылға қарағанда 7%-ға артық. Мұндай көмекті 4 800-ге жуық пациент алды.

Негізгі бағыттар – кардиохирургия, нейрохирургия, акушерлік-гинекологиялық көмек, ЭКО және кардиовертер-дефибрилляторлар имплантациясы.

Қорытынды сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбідрахым қаланың денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттар бойынша тұрақты даму және оң нәтиже көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, цифрлық технология енгізу және білікті кадрларды даярлау жұмыстарын жалғастырудың маңызын атап өтті.

Әкім орынбасарының айтуынша, ауруларды ерте алдын алу, инфрақұрылымды дамыту және ұлттық индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

Оқылып жатыр

Алматыда жол мамандары сенбілік өткізді

Пациент дәрігерге қаншалықты ерте қаралса буын ауруларын емдеу нәтижесі де жоғары болады

Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр

«Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда

Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды

Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты

Соңғы жазбалар

«Отбасын ойран ететін қатындар»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуы туралы айтты

9 Қараша, 2025

Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды

9 Қараша, 2025

Кәрім Мәсімовтың болат қылышы сатылды

9 Қараша, 2025

«Күйеу ретінде рөлін жақсы атқара алмаған шығар»: Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы анасын тастап кеткен әкесіне араша түсті

9 Қараша, 2025

Президент теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады

9 Қараша, 2025

Ақмола облысының 100-ден астам педагогі жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізіп жатыр

9 Қараша, 2025

«Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым» (видео)

8 Қараша, 2025

Сиыр еті 20 мың теңгеге дейін қымбаттай ма — сарапшы жауап берді

8 Қараша, 2025

«Көмектеспейді, балаларын іздемейді»: Олжас Абайдың әйелі ажырасқандарын айтты

8 Қараша, 2025

Атырауда белсенді ұсталды: Мердігерден 30 миллион теңге бопсалаған

8 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.