Фото: Алматы ақшамы
29 қазанда Алматыда дін саласындағы өзекті мәселелерді ақпараттық кеңістікте кеңінен насихаттауға бағытталған шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Байқау 2025 жылғы 17 ақпан мен 7 қазан аралығында өтіп, оған түрлі бағыттағы 227 материал қабылданды. Қатысушылар қатарында кәсіби журналистер, блогерлер, сарапшылар және әлеуметтік желі белсенділері болды.
Жобаның басты мақсаты – қоғамның діни сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ деструктивті идеологиялар, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған сапалы ақпараттық контентті қолдау еді.
Барлық жұмыстарды құрамында бес сарапшы бар қазылар алқасы мұқият сараптап, мазмұнның өзектілігі мен қоғамдық әсерін ескере отырып, жеңімпаздарды анықтады.
Нәтижесінде, интернет пен әлеуметтік желілерде рухани құндылықтарды дәріптейтін, толеранттылық пен өзара түсіністікті арттыратын материалдар көбейіп, сапалы контенттің үлесі артқаны атап өтілді.
Байқау жеңімпаздары:
Қазақ тіліндегі үздік интернет-мақала – Абдрахманов Сұлтан,
материал: «Теріс діни ағымдар: жастықты арбайтын тұзақ»
Орыс тіліндегі үздік интернет-мақала – Дастан Елдес,
материал: «Идеология в контексте противодействия радикализму»
Instagram желісіндегі үздік бейнеролик – Мырас Біржан,
материал: «Діни фанатизм мен терроризм салдары»
TikTok желісіндегі үздік бейнеролик – Рахимбек Ерсұлтан Нұрболатұлы,
материал: «Сақ бол, жас ұрпақ!»
Әлеуметтік желідегі үздік тақырыптық пост – Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы,
материал: «Казахстан – светская страна!»
Үздік пікір – Кисиков Бекнур Сеитжанович,
материал: «Фанатизм»
Үздік мотивациялық сөз және үндеу – Накнавина Ақмаржан Мырзағалиқызы,
материал: «Қоғамдағы конфессияаралық келісім»
Сонымен қатар, шығармашылық белсенділігі үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болған қатысушылар да марапатталды. Жалпы жүлде қоры – 3,5 миллион теңге болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау қоғамның рухани иммунитетін күшейтіп, жастардың діни сауатын арттыруға және ақпараттық кеңістіктегі оң үрдістерді дамытуға зор үлес қосқан.


